Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау.мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т.б.
Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.
Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек.
Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру.
Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін.
Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз жеткіз.