Тексерді т.ғ.к., аға оқыт. Булгауов күндізгі бөлім. ФОС 22-4
Кіріспе
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты
Саясаттану- саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық)әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.