Қазастанның Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы халықтың ұлттық санасының өсіп, өзгеруіне, тарих ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің үлкен проблемалық маңызы артып отыр. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бірінші дүние-жүзілік соғыс кезіндегі күресі, жергілікті халықтың өздерін еріксіз түрде майданның қара жұмыстарына мобилизация жасауға көрсеткен қарсылығының Орта Азия мен Қазақстандағы өте күшті көтеріліске айналуы және де осыған байланысты көптеген мәселелер ұлттық мемлекеттің нығаю процестерімен тіке байланыстыра қарауды қажет етеді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916ж.көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы