Астана Медицина Университеті АҚ Онкология кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Жатыр мойны обыры.
Жатыр мойны рагы – жатыр мойнында дамитын қатерлі ісік. Жатыр мойны рагы әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орын алады. Жатыр мойнының рагымен науқастану өзгерісі жасқа байланысты ерекшеленеді. Жатыр мойыны рагымен науқастанудың ең жоғарғы деңгейі 50-60 жаста байқалады. Ең көп төмендеу деңгейі репродуктивті жаста, бір шама төмендеуі етеккір үзілісіне дейінгі кезеңде байқалады. Етеккір үзілісінен кейінгі кезеңдегі әйелдерде науқастанудың төмендеуі байқалмайды, бұл жағдай осы жаста әйел адамдардың акушер-гинеколог дәрігерлердің қабылдауында сирек болуларына байланысты.

Жатыр мойны рагының дамуы бойынша қауіпті факторлар:
ерте жыныстық жетілу, ерте менархе (12 жасқа дейін);
жыныстық қатынастың ерте басталуы (18 жасқа дейін);
20 жасқа дейін және 40 жастан кейін босану; ерте басталатын етеккір үзілісі (45 жасқа дейін);
анамнездегі жиі аборттар (жүктілікті үзу);
әйел адамның және оның ерінің жыныстық сыңарын жиі ауыстыруы;
әйел адамда және оның жыныстық сыңарында папиллома вирусты немесе герпесті (ҚГВ-қарапайым герпес вирусы-2) инфекцияның болуы;
жыныстық гигиенаның болмауы;
кәсіптік зияңдар: тау-кен, мұнай өңдеуші зауаттар, темекі өңдірісі, көмір өнеркәсібі;