Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау 3-кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.
Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.
Мақсат қоюдың талаптары
мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.
Жоспар түрлері:
Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.
Әр мақсат 3 компоненттен тұрады
іс-қимыл;
белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
шарты – кімнің (ненің) көмегімен.
Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.
Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.
Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.