Презентация Тақырыбы: Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану


Қалдықсыз технология теориясы табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі 2 заңын негіздеуге екі алғышарт туғызады



бет7/9
Дата13.12.2022
өлшемі39,48 Kb.
#162628
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Презентация Тақырыбы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланN

Қалдықсыз технология теориясы табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі 2 заңын негіздеуге екі алғышарт туғызады:

1.Бастапқы табиғи ресурстер әр пайдаланылған өнім үшін 1 рет өндірілу керек.

2.Жасалған өнім пайдаланылғаннан кейін жаңа өндірістің бастапқы өніміне оңай айналуы керек.

Бұл тек өндірістік процесс қана емес, бұл ұғым бұйымның ұзақ мерзімді қызметімен сипатталады, бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі, жөндеуге оңайлығы, өндірістік циклге қайтаруды оңай ететін немесе пайдаланылудан кейін зиянсыз формаға оңай ауысатындығымен сипатталатын соңғы өнімге де қатысты.

Жер қойнауын пайдалануға қойылатын жалпы экологиялық талаптар

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық және санитарлықэпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 32-тарау 218-бабында жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру кірген және «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті, делінген

Сонымен жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптарға: жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануы; кен орнын игерудің арнаулы әдістерін қолдану есебінен жердің үстіңгі қабатын сақтау; жердің техногендік шөлейттенуін болғызбау; жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жерастында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау және тағы басқалары жатады.

Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды жүргізудің халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға міндетті. Сонымен бірге жер қойнауын ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға міндетті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет