Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады (2-қосарбеттегі картаны қараңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі.