Презентация Тақырыбы: тұлғаның даралық типологиялық ерекшеліктері



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі0,91 Mb.
#186818
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация

Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент типтерi деп атаған. Темпераменттердiң бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi өмiрлiк iс- әрекет тұрғысынан өте тиiмдi, себебi оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгiлi темперамент типiне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.

  • Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент типтерi деп атаған. Темпераменттердiң бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi өмiрлiк iс- әрекет тұрғысынан өте тиiмдi, себебi оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгiлi темперамент типiне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.
  • Қазiргi кезеңде психология ғылымы белгiлi жүйеде темперамент типтерiнiң бәрiне толық психологиялық сипаттама беруге негiз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлi қабылданған темпераменттiң төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрiнiң психологиялық сипатын түзу үшiн көбiне төмендегi аталған негiзгi темперамент қасиеттерi қолдануда:

Сезiмталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетiнiң (реакция) пайда болуына себепшi сыртқы әсер күшiнiң ең төменгi деңгейi мен сол жауап- әрекеттiң туындау шапшаңдығы.

  • Сезiмталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетiнiң (реакция) пайда болуына себепшi сыртқы әсер күшiнiң ең төменгi деңгейi мен сол жауап- әрекеттiң туындау шапшаңдығы.
  • Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бiрдей ықпалды сыртқы не iшкi әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесi.
  • Белсендiлiк (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергiлердi жеңу үшiн жұмсалған әрекет- қылығының қарқындылығы (табандылық, зейiн қою, бағдар таңдау ж.т.б.).
  • Жауап-әркетке келу мен белсендiлiк қатынасы - адам iс-әрекетiнiң өзiн пайда еткен себепке қаншалықты тәуелдi екенiн бiлдiруi: кездейсоқ сыртқы немесе iшкi жағдайлар (көңiл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.
  • Икемдiлiк (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңiл әрi жылдам үйренiсе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тiптi жат қылық көрсетуi.
  • Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой бiлдiру шапшаңдығы.
  • Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекетi мен iс қимылына себепшi жағдайлар - нақты ме-зеттегi сыртқы сезiмдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).
  • Сезiмдiк қызбалық (эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшiн қажет ең төменгi әсердiң шамасы мен оның туындау жылдамдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет