Презентация Тақырыбы: «Ұзын өмір жолы»



Дата12.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#174314
түріПрезентация
Байланысты:
stud.kz-31784


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Презентация
Тақырыбы: «Ұзын өмір жолы»

Орындаған:Өрісбай Нұржамал
Тобы: АП-16-2к
Қабылдаған:Қалходжаева А.М.
Шымкент 2016
Кез келген адамның өмірінде қиын кезеңдер туындауы мүмкін. Оның бәрі – өтпелі екені белгілі. Алайда бірі оны шешудің оңай жолын тапса, бірі қиналып қалып жатады. Мұның бәрі ең алдымен сіздің мәселеге деген көзқарасыңызға байланысты.
«Сәтсіздік» сөзін ұмыту
Түймедейді түйедей етпеу
Энергияңызды босқа шығындамау
Ұзақ өмір сүру қағидалары;
  • Энергияңызды босқа шығындамаңыз Адамдар неліктен азаптанады? Себебі олар болып жатқан жағдайды қабылдай алмайды. Қандай мәселе болмасын, оны уайымдап, қайғырудың еш пайдасы жоқ. Оның орнына қолыңыздан келетін шараның бәрін қолданып, тезірек шешімін табуға тырысыңыз.

  • 2. Түймедейді түйедей етпеңіз Егер бір мәселені ойлап, уайымдай беретін болсаңыз, оның көлемі ұлғая береді. Ол жайлы негативті ойлаудың орнына қандай пайдалы жақтары бар, сол жайлы ойланыңыз. Кез келген проблемадан сабақ алуға болады.

3. «Сәтсіздік» сөзін ұмытыңыз Жолыңыз болмай, мақсатқа жете алмаған күнде оны «сәтсіздік» деп емес, «жаңа білім алуға мүмкіндік» деп санаңыз. Томас Эдисон кезінде «Мен шамды ойлап табуда жолым болмады емес, бар болғаны оның қосылмауының 99 әдісін анықтадым» деп айтқан. Сол сияқты сіз де жолыңыз болмаған істің пайдалы жағын анықтауға тырысыңыз. Есесіне келесіде жаңа жолға сенімді аяқ басасыз.
4. Егер қалағаныңызға қол жеткізе алмасаңыз, демек дұрыс жолда келе жатырсыз Иә, бұған сену қиын. Бірақ бұл - ақиқат. Басы қатты болса, арты тәтті болатынын естен шығармаңыз. Кез келген сәтсіздіктің өз мәні болады. Егер сізді бір қызметке алмаған болса, мүмкін ол жұмыс сізге ұнамай не отбасыңыздан алыстатып жіберер ме еді? Сол себепті «жоқ» деген нәрсені бөгет деп емес, жаңадан ашылған есік деп түсініңіз.
Өмір-табиғаттың адам баласына берген ең үлкен сыйы. Ғалымдар ұзақ жасаудыі сырын зерттей келе, адамның 200-300 жыл өмір сүре алатындығын айтуда. Алайда, өмірде болып жататын қиындықтар біздің ағзамызды шаршатып, жасушаладың «өлуіне» әкеп соғады. Оның ішінде экологияның экологияның тигізетін орасан әсерлері бар. Әркім өз өміріне дұрыс қараған жағдайда ғана оны ұзарта алады. Адам әрқашанда ұзақ әрі жақсы өмір сүруге талпынып келеді. Алайда, жылдар өте адам бойындағы биолгиялық функциялар төмендей бастады.
Қытай медицинасында мынадай мысал кездеседі. 1795 жылы Жапония астанасы Токиоға бірінші министрдің шақыруымен 193 жастағы қарт шаруа Мамиэ келеді. Министр одан ұзақ жасаудың сырын сұрайды. Сонда ол: «Өз аталарымнан ұзақ жасаудың құпиясын үйрендім. Соны өмір бойы қолданып келемін»,-дейді қарт. -Біз жанұямызбен екі айда бір, яғни айдың алғашқы сегіз күнінде аяғымыздағы «Цзу-Сон-Ли нүктесін күйдіреміз». Осының нәтижесінде кемпірім 173-те, үлым 153-те, ал немерем 105-ке келді. Сол кезде министр қартты құрметпен күтіп, қонақ етеді әрі сый-сияпат беріп, шығарып салады. Арада 48 жыл өткенде Мамиэ Токиоға қайта келіпті. Сонда ол 241 жаста еді. Ал кемпірі 221-де, ұлы 201-де, немересі 153-те, оның әйелі 138-де екен. Солардың ешқайсысы да қалжыраңқы немесе ашушаң болып көрінбеген. Оның айтуы бойынша, адам бойындағы «Цзу-Сон-Ли» нүктесі-үзақ жасау нүктесі болып табылады. Бұл нүкте тізе көзінің астында орналасқан. Мұны анықтау үшін алақаныңызбен тізеңізді жапсаңыз, шынашағыңыз бен ортаңғы саусағыңыздың бастары аралығында екендігі айтылған.
Арада 48 жыл өткенде Мамиэ Токиоға қайта келіпті. Сонда ол 241 жаста еді. Ал кемпірі 221-де, ұлы 201-де, немересі 153-те, оның әйелі 138-де екен. Солардың ешқайсысы да қалжыраңқы немесе ашушаң болып көрінбеген. Оның айтуы бойынша, адам бойындағы «Цзу-Сон-Ли» нүктесі-үзақ жасау нүктесі болып табылады. Бұл нүкте тізе көзінің астында орналасқан. Мұны анықтау үшін алақаныңызбен тізеңізді жапсаңыз, шынашағыңыз бен ортаңғы саусағыңыздың бастары аралығында екендігі айтылған. Айдың алғашқы күндері нүктені 30 минут бойы арнайы дайындалған шылыммен күйдіреді. Шылымның орнына сарымсақты қолдануға болады. Жаңғақтың бір бетіне үккіштен өткен сарымсақты толтырып, айтылған нүктеге қояды. Соны аяғыңыз күйіп, қызғанша ұстайсыз. Жасарту әдісі ағза үшін жаңа тыныс жолдарын ашады.
Әрине, жасартудың жолы екен ғой деп, солай істей беруге де болмас. Себебі, бұл тәжірибенің қаншалықты әсер ететіні ғылымға белгісіз. Көпшілік кейде халық емшілігіне сене бермейді. 1912 жылы Түркістаннан шыңатын «Қара Құт» газетінде ұзақ жасаған он екі қарияның берген ақыл-кеңесі жарық көреді. Онда мынадай ережелер бар.
1. Таза ауада көбірек жүргеніңіз дұрыс.
2. Уақтылы демалып, ерте тұру керек.
3. Ұйқыңыз 6 сағаттан кем, 7 сағаттан артық болмасын.
4. Шай мен кофені аз ішіп, темекі мен арақты мүлдем тастағаныңыз абзал. 5. Етті аз жегеніңіз жөн.
6. Күнде таңертең ыстық ванна қабылдаңыз.
7. Киіміңіз шәйі матадан болмасын.
8. Бойдақ болсаңыз, үйленіңіз.
9. Өте ыстық жерлерден аулақ болыңыз.
10.Ішкі мүшелереңізді қалпына келтіру үшін малдың өкпе-бауырын, жүрегі мен бүйрегін көбірек жеңіз. Оған қосымша көз, тіл, құлақ және миды да пайдаланыңыз.
Сөйтіп, өзіңіз үшін салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Жасыңыз қаншаға келіп тұрса да, «Мен қартайдым» деп айта көрмеңіз. Ол сіздің миыңызға күшті код болып еніп, кәрілікті тез келтіреді. Сонымен, өзіңізше тұжырым жасап көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет