Қақырықты жинау қадамдары: 1. Арнайы мамандырылған киімді кию (халат, бас киім, фартук, респиратор маска, медициналық қолғап).
2. Пациенттен ТБ 05 медициналық киімін алу.
3. Пациентті қақырықты жинау әдісімен таныстыру (әңгімелеп беру және ақпаратты оқуды сұрау).
4. ТБ 05 пациенті туралы мліметтерді қақырықты жинау журналына енгузі (журналдың сол бөлігі).
5. Пациенттің есімін белгілеу және контейнерге үлгі нөмірін жазу (тек қақпасына жазуға болмайды).
6. Пациентті қолын жууды сұрау, аузын жақсылап сумен шаю, ас қалдықтарын және ауыз ішіндегі микрофлораны ластауды жою.
7. Пациентті кең ашылған терезе алдына қою.
8. Пациенттің артынан бір метр көлемінде тұру.
9. Пациентті қақырықтың 3-5 мл жөтеліп және ешараны олрындау барысын қарап тұру.
10. Пациентке жабылатын қақпасы бар нық жабылған контейнерді ұсыну және медициналық бикеге табыстау.
11. Контейнердің дұрыс жабылуына сенімді болу, оны залалсыздандыратын ерітіндісімен өңдеу және де бикстің ішіне салу.
12. Қолды жақсылап ағатын су астында жуып, қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес өңдеу қажет.
13. Пациентке қақырықты келесі күні үйде жинау үшін таза контейнер беру және контейнерді қақырықты жинау кабинетіне әкелуді сұрау.
14. Пациентті қақырықты жинау кабинетінде қақырық үлгісінің үшінші рет жинау қажеттілігі туралы ескерту жасау.
15. Қақырықты жинау журналында емшараларды өткізу туралы белгі қою (журналдың оң жағы) және ТБ 05 сәйкестендіру үлгісінің нөмірін белгілеу.