Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі» (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). М.А. Асимов, С.А. Нұрмагамбетова, Ю. В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар» www.med.ru Қолданылған әдебиеттер:
Глоссарий
Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Вербальды коммуникация– адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы.
Медициналық этика немесе медициналық деонтология – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.
Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім.
Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады
Жанашырлық— бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы.
Үйлесімдік , сыйымдылық — бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсету.
Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын қатынастар.
Эвтаназия— төзгісіз ауырсыну сезімі бар, жазылмайтын аурумен ауыратын науқастың өмірін тоқтату тәжірибесі.