Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال, ағылш. еартһқұаке) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال, ағылш. еартһқұаке) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Пайда болу тегіне қарай
Жанартаулық
Денудациялық
Тектоникалық
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады.
Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады
Ғалымдардың пайымынша, Алматы қаласы орналасқан өңір - сейсмологиялық апатты аймақ. Бірінші рет 1887 жылы жер сілкінісі болып 236 адамның өмірін қиып кетсе, бұл оқиға екі жылдан кейін 1889 жылы тағы қайталанған.