1-міндет. Граната (доп) лақтыру техникасымен таныстыру. Тапсырманы орындағанда мұғалім граната мен допты лақтыру тәсілін толық кӛрсетеді, лақтырудың жеке фазаларын түсіндіреді, кадр тізбегін, плакат, бейнефильмдерді кӛруді ұсынады, жарыс ережелерімен таныстырады.
2-міндет. Снарядты ұстауды және лақтыруды үйрету. Дұрыс және дәл лақтыру үшін снарядты дұрыс ұстау керек. Оның сабы алақанға бүгілген кішкентай саусақтың ұшына тірелуі керек,ал басқа саусақтар гранатаның сабын қапсыра ұстайды. Бас бармақ (найзаны ұстау сияқты) граната осі бойымен, және кӛлденеңінен қойылады. Доп лақтыратын қолдың саусақтар бӛліктерімен ұсталынады.Үш саусақ доптың артында тірек түрінде орналастырылған, сондай-ақ кішкентай және үлкен саусақ доптың екі жағын ұстайды. Үйренушілер допты тым қатты ұстамауын қадағалау керек. Граната мен допты алдында немесе бас сүйегінің жоғарғы жағында ұстауы абзал. Оқыту шағын доп лақтыру стадион немесе спорт алаңында, граната және найза лақтыру стадион немесе спорт алаңында, егер тренажер залын арнайы тормен жабдықтаса, ондақысқа сапты найзамен найза лақтыруды залда орындауға болады. Оқыту барысында мұғалім сақтық шараларын орындауы тиіс:
- мұғалім белгі бергеннен кейін гранатаны тек бір бағытта лақтыруға мүмкіндік беріледі;
- айналысушыларды бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналастыру;
- шашылған снарядтарды белгі берілгеннен кейін жинату, найзаның ұшы жоғары қарап тұрғанына кӛз жеткізу. Снарядты ұстау және лақтыру тәсілдерін үйретуде жүйелі түрде мынадай жаттығулар пайдаланылады:
- аяқтар иық деңгейінде, дене салмағы табанның алдыңғы бӛлігіндеі ,қол шағын доппен иық алдында, шынтақта бүгілген, қол тӛмен түсірілген. Имитациялық лақтыру жүйелі және үздіксіз қолдың алға-жоғары түзелуінен тұрады (үзіліссіз 8-10 рет). Содан кейін қол тӛмен қарай, жанға, кері және бастапқы кезіне қарай жылжуды жалғастырады;
- Сол бастапқы кезінен шағын допты еденге лақтырғаннан кейін ұстау;
- Сол,тек шағын допты қабырғаға лақтыру, одан кейін 3-тен 5м қашықтықтан нысанаға (2,5 м биіктікте орналасқан 1 м диаметрлі шеңбер) лақтыру;
- Түрегеп тұрып, содан кейін лақтыру бағытына жанымен тұрып, сол аяқ алға қойылады. Жаттығудың мақсаты – қолдың жұлқи тарту қозғалысын меңгерту,қолдың бұлшық еттерін босаңсыту, лақтыру бағытында қолды дәл иық үстімен асыру және жүйелі алғажоғары.түзу ұстау
3-міндет. Гранатаны (доп) орнынан лақтыруды үйрету. Граната мен допты орнынан тұрып лақтыруға тек дайындалушылардың кеуде бұлшық еттерінің алға қозғалысын және лақтыратын қолдың қозғалысын меңгергеннен кейін ғана кірісу керек. Бұл сезім мынадай жаттығулар арқылы келеді:
- снарядты лақтыру кезде қорытынды күшті модельдеу, сол жақ бүйірі лақтыру бағытында,сол аяғы алдында,оң қолымен гимнастикалық қабырғаға бекітілген резеңке жгутты (лента,эспандер) ұстау;
- гимнастикалық орындықта отырып, бастапқы орыннан қабырғаға шағын допты (толтырмалы доп) лақтыру: екі қолмен; денені оңға қарай бұрып бір қолмен лақты
- серіктестің (мұғалім) кӛмегімен қорытынды күшті модельдеу, лақтыру бағытына қарай сол жақпен тұру,сол аяқ алда,табанның ұшы 45 ° бұрышпен ішке бұрылған,оң аяқ бүгілген. Дайындалушының оң қолын ұстап, мұғалім (серіктес) жауырынынан алға итеру арқылы оған бұлшық етінің жұмысын осы жағдайда сезуге мүмкіндік береді.
- «тартылған садақ» қалпын имитациялау.Гимнастикалық қабырғаға сол бүйірімен тұрып,оң қолымен иық деңгейіндегі тақтайшаны ұстау, сол қолымен үстінен ұстау.
- гимнастикалық қабырғаға оң бүйірімен тұрып, оң қолымен иық тұсында орналасқан торды астынан ұстау.Оң аяғын бұрып және тіктеп, жамбасты алға-жоғарыға,солға бұрылу;
- снарядты алға-жоғары лақтыру. Ұшыру бағытына сол бүйірімен бұрылып,оң аяғын бүгу, денені оңға бұру және иық осін кеңейту.
4-міндет. Екпін алу және гранатаны(допты) бұрып жіберу техникасын үйрету . Лақтырма қадамдардың бірнеше нұсқалары және қайырудың әдістері қолданылады.Оларды қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |