«прима дистрибьюшн» жшс-нің технико-экономикалық сипаттамасы


Кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық дамуы



бет3/12
Дата09.06.2022
өлшемі335 Kb.
#146250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» отчет

2 Кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық дамуы

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қуаттылығы 45-50% автоматизацияланған және механизацияланған. Цех ішіндегі өнімдерді тасымалдау жұмыстарының деңгейі әліде төмен деңгейде.


Бұл кәсіпорында өндірістік ғимараттарының тапшылығынан, көптеген жұмыстар қолымен орындалады, әлі механизациялау деңгейі төмендеу болуына байланысты, қаржы-қаражаттарының жетімсіздігіне байланысты барлығы бірігіп еңбек өнімділігіне көп әсер етеді. Кәсіпорнында қолмен орындалаын жұмыстар басымды болып тұрған. Сондықтан, заказ қабылдау, киім-тігу және тапсырыс берушілерге дайын өнімді тапсыру әрекеттерінде қолмен орындалаып жүрген. Кәсіпорнында көпшілік орындалатын операциялар қолмен орындалуын талап етеді. Еңбектің қозғалыс уақыты өнімді дайындағанға дейінгі әрекеттер өндірістің автоматизациялауы мен механизациялауына тікелей байланыста.
«ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС-сі – бұл көпсалалы өндірісімен айналысып жүруіне байланысты кәсіпорын болғандығынан, әр-түрлі мамандарға өндірістік циклінің бағыттары да әр-түрлі болған болатын.
ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН ЖШС-нде соңғы жылдары бес аяқ-киім жөндейтін шеберхана бар, әсіресе өндіріс циклысының жәй болуына байланысты. Тез арада жөндеуге алынған аяқ-киімдердің өндіріс циклі, үш кезеңнен тұрады:1) – тауарды аяқ-киімді қабылдау; 2) – аяқ-киімді жөндеу; 3) – аяқ-киімді егесіне қайтару.
Бір айта кететін жағдай, кәсіпорнында өздеріне қатысты жұмыстарды орындау үшін нормамен көрсетілген уақытқа сәйкес болмайды, өйткені, 10-15 минутты жұмысты бастау үшін, әр-бір жұмысшы өзінің жұмыс орнын дайындауға жұмсайды. Сонан соң жұмыс орындалу үшін қажетті құралсаймандардың дайындығын тексеріп, оларды дайындауға және басқада жұмыс орнындағы процестерді бір тексеру үшін тағыда 10 минуттай уақыт керек. Келесі процесс машинаны іске қосу үшін, инеге жіпті өткізіп, жұмыстың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және 15 минут қажет.
Соңғы жылдары «ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС-де барлық машиналар моральды тозуына байланысты, оларды іске қосуға біраз уақыт керек.
«ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС-ң әр-түрлі жұмысшылар категориясының еңбек ақысын төлеу жүйесн қарастырамыз. Бұл кәсіпорнында еңбек ақысын төлеуді ұйымдастыруы бригадалық форма бойынша жүргізіледі.
Ал, аяқ-киімдерін жөндеу шеберханалары арендалық жүйеге көшкенін байқаймыз. Еңбек ақыны төлеу келісім шарт арқылы жүргізіледі. Сонымен, кәсіпорынның пайда көлемі өндіріс шығындарының қосындысынан анықталады, шикізат пен материалға кеткен бағаға байланысты, жалпы цехтарындағы шаруашылық шығындарынада байланысты және әлеуметтік сақтандыруға кеткен төлемдерден және келісі шарт бойынша төленетін еңбек ақысы мен кезекті демалысқа төленетін құннан есептелінеді. Әр-бір жұмысшылардың еңбегіне төленетін еңбек ақы, еңбекшілердің еңбектегі қосатын үлес салмағын есептеу коэффициенті ескеру принципы бойынша жүргізіледі. Еңбекшілердің еңбек ақысы бухгалтерияда есептелінеді. Бұл кәсіпорнында қазіргі заманға сай етіп тігуге қажетті құрал-саймандарының жетіспеушілі байқалады. Жұмыстың көпшілігі ескі әдіспен орындалып отырады,бұндай жағдайлар еңбекшілердің еңбек өнімділігін төмендеуіне әсер етеді, ал тиімді еңбек нормаларды еңгізу өндіріс шығындарының көлемін жоғарлатады.
Осы жоғарыдағы қызметтерді орындаудан түскен түсім, жалпы кәсіпорынның шығынын өтеуге мүмкіндік етпеген, бұл біріншіден, екіншіден барлық көрсетіп жүрген қызметтердің орналасқан орындары, машина-жабдықтары моральды тозуына байланысты «ПРИМА ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС-сі соңғы жылдары, яғни 2017 ж басынан барлық бос бөлімдерін жалға беріп отыруды жөн көрген. Ал бос бөлмелерді жалға алып отырған кәсіпкерлерге, өз орындарын өздері ремонт жасап отыруын талап етіп, әр-бір шаршы метрлеріне 1 мың тг-ден ай-сайын алып отырып, ағымдағы қысқа және ұзақ мерзімді қарыздарын өтеп отыруды ұйғарып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет