Ағзадағы алып тастауға жататын ұлпаларды жоғарғы жиілікті ток арқылы қыздыра отырып бұзу арқылы іске асыратын әдіс.
Бұл әдіске негізінен диатермокоагуляция немесе нүктелік электродпен пісіру және
электротомия немесе ұстара тәрізді электродпен алынған ұшқын арқылы ұлпаларды тарау әдістері жатады.
Индуктотермия - майысқақ кабельден жасалған спираль арқылы өткен электр тогы тудыратын жоғары жиілікті магнит өрісінің әсері арқылы емдейтін әдіс. Тербеліс жиілігі
жоғарғы жиілікті магнит өрісі ұлпаларда құйынды электр тогын тудырып, энергиясы жылуға айналады.
Индуктотермия кезінде бөлінген жылу мөлшері магнит өрісінің индукциясына В, жиіліктің квадратына және ерітіндінің электрөтімділігіне тура пропорционал:
Электромагниттік тербелістер биологиялық жүйеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады.
Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.