Проективті әдістер



бет1/9
Дата09.04.2022
өлшемі62,64 Kb.
#138609
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Проективті әдістер
Адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.
Өмірде жоқ жануардың суреті”
“Өмірде жоқ жануар”тесті өмірде ең көп қолданылатын проективті
әдіс. Респондент бұл тесті көбінесе қиялын зерттеуге арналған деп
ойлайдыда, қорғаныстық іс-әрекетін әлсіретеді. Тесті жүргізу үшін
стандартты ақ бет қағаз және қарындаш қажет. Қаламсапты, пламастерді
және жұмсақ қарындашты қолдануға болады, алайда бұл жағдайда
диогностикалық көрсеткіш батыру күшін анықтай алмай қаламыз.
Нұсқау: ақ бет қағазға өмірде жоқ жануардың суретін салып, оны
өмірде жоқ есіммен атаңыз.
Өңделуі: ортада орналасса - қалыпты жағдай. Егер сурет оң жақта
орналасса ол қазіргі уақытпен немесе балалық кезеңіне, жағымды эмоциямен
байланысты. Егер сурет төменде сол жағында орналасса, ол өткен уақытпен,
жағымсыз эмоциямен және пассивтілікпен байланысты. Сурет неғұрлым
жоғары орналасса зерттелушінің өзін-өзі бағалауы жоғары және қоғамда өз
орнына разы емес, қоршаған адамдардың көңіл бөлуінің жеткіліксіздігіне
қарай оның өзін-өзі көрсетуі жоғары екенін байқатады. Егер сурет беттің
төменгі жағында орналасса респондент өзіне-өзі сенімсіз, өзін-өзі бағалауы
төмен, айналасындағы адамдарға да сенбейтін, көңіл күйі төмен болып
жүретін адам.
2-критерий: Жануардың басының бағыты. Егер жануардың басы оң
жаққа қарап тұрса, ол адам өзі жоспарлаған істерін міндетті түрде
орындатады. Егер жануардың басы, сол жаққа қараса, мұндай сурет салған
адам бір нәрсе істеу үшін көп ойланады және оның біраз бөлігі ғана
орындалады, кейде ол белсенді іс-әрекеттер көрсетуге қорқады. Ал егер басы
тура қараса – бұл эгоцентризм ретінде қарастырылады.
3-критерий: Бас бөлшектерінің мағынасы. Құлақ-жаңалықтарға деген
қызығушылығы айналасындағылардың өзі туралы көзқарасына мән беруі,
эмоционалды түрде қабылдайды, бірақ өз іс-әрекетін өзгертпейді. Сәл
ашылған ауыздан тілдің байқалуы - орынсыз көп сөйлейтін адам. Ерін салу
сезімталдық. Ауыздың ашық болып, ерінсіз, тілсіз ерекше сурет қорқыныш,
сенімсіздік, қауіптенуді білдіреді.
Тістердің салынуы: вербалды агрессияның белгісі.
Көз: егер көздері ерекше айшықталынып салынса, адамның
қорқынышын білдіреді.
Кірпіктер: адамның өзін-өзі көрсетуі, яғни іс-әрекетінен, сыртқы
киім кию ерекшеліктерімен айналасындағыларды таң қалдыруға көп көңіл
бөледі.
Басында қосымша бөлшектер: (тырнақ, сақалдары) агрессияның басқа
түрлерімен байланысты.
Қанаттары, қауырсындары: өзін-өзі сәндеуге, өзін-өзі ақтап алуға
арналған қасиеттері жақсы дамыған.Жалы, жүндері: сезімталдық, сексуалдық рөлде өз жынысын айқын
түрде байқататын адам.
Аяқтары: егер аяқтары фигура өлшеміне қарағанда (денесіне қарағанда)
дұрыс негізделіп салынса, ол адамның негізділігін, ойлау, шешім қабылдауда
радционалдылығын көрсетеді.
Нәзік аяқтар: немесе болмаса, қортынды шығаруда импульсивтілікті
байқатады, бір типті, қаталанбалы болуы ой-пікірінің стандарттылығын
көрсетеді. Аяқтарының детальдарының әртүрлі орналасуы – ой-пікірінің
оригиналдылығы өз беттілігін, ерекше ойлау қабілетін көрсетеді.
Фигура деңгейінен жоғары шығып тұрған бөлшектер: қанаттары,
қысқыштары, антена – адамның өмірінің әр аймағын қамтуға ұмтылысы.
Басқаларды шетке шығарып өзіне жақсы орын тандай алады. Батылдығы,
қуаттылығы, өзіне сенімділігі байқалады.
Сәндік бөлшектері: қауырсындары, бантиктері, бұйра шаштары - өзін-
өзі көрсетуге талпынысы, өзіне басқалардың көңілін аударуға тырысуы.
Құйрық: жоғары қараса адам өз іс-әрекетімен, шешімдерін жағымды
бағалайды. Төмен қараса өз-өзіне деген көңілінің толмауы, істеген ісіне,
айтқандарына өкіну.
Фигураның контуры: қорғаныш жапқыштардың болуы –
айналасыдағылардан қорғануды байқатады. Егер олар үшкір, бұрыштар,
инелер түрінде болса, бұл агрессияның белгісі. Контурларды қоюлатып сызу,
қос сызықтардың болуы – адамның қобалжуы, қорқуы, сенімсіздігін
көрсетеді. Суреттің жоғары жақ контуры қоюланып сызылса, ол өзіне жоғары
тұрған адамдардан қорғанысын көрсетеді. Төменгі контур қоюланып
сызылса, басқаларға күлкі болудан қорғану, айналасындағылардың сөзінен
қорқу, өзінен кішкентайларға бағынышты болуы, беделінің жоқтығы. Шеті
қоюланып сызылса - әртүрлі жағдайларға байланысты, кез-келген тәртіпке
өзін-өзі қорғауға дайындығын көрсетеді.
Суреттің қатты басылып сызылуы (беттін артынан байқалатын болса)
адамның мазасыздануы, қобалжуы.
Жануарды жалпы бағалау: қорқынышты болса, өзіне меніне көзқарасы,
өзінің мәнділігі бойынша өмірдегі орыны. Шеңбер фигурасы әсіресе
ешнәрсемен толықтырылмаған болса, адамның тұйықтығын, ішкі сезімін
ешкімге ашпайтынын көрсетеді.
Механикалық бөлшектердін болуы: жануарды тірі организмге қосып
алу адамның шизофренияға бейімдігін көрсетеді.
Ат қою: егер ат қойғанда мағынасы бар болса, адамның
рационалдығын, бейімделгіштігін көрсетеді.
Ғылыми мағыналы ат қойса, адамның интеллектісінің жоғары екенін
көрсетеді.
Дыбыстық ат қойса: адамның жеңіл мінездігін, қауіптік сигналдарды
дұрыс ескере алмайтынын көрсетеді.
Ирониялық ат: айналасындағыларға кешірімділікпен, ирониямен
қарайтын адам. Ұзартылған ат: қоғаныс тенденцияларының жоғары дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет