Сана жағдайын бағалаудың негізгі клиникалық сипаттамалары (А. И. Коновалов және т.б., 1982): - Анық сана – толық сақталған, қоршаған жағдайға адекватты реакция, толық ориентация, сергек.
- Шамалы естен тану – шамалы ұйқышылдық, жартылай дезориентация, сұрақтарға кідіріп жауап беру (жиі қайталау қажет), бұйрықтарды баяу орындау.
- Терең естен тану – терең ұйқышылдық, дезориентация, толығымен ұйқы жағдайында, тілдік қарым қатынаста шектелген және қиналып жауап береді, қайталанған сұрақтарға қысқа жауап, тек қарапайым бұйрықтарды орындайды.
Сопор (санасыздық, қатты ұйқы) – сананының толығымен болмауы, мақсатты бағытталған, координацияланған қорғаныс қозғалыстары, ауырсыну және дыбыстық тітіркендіргіштірге көзін ашу, сұрақты бірнеше рет қайталағанда қысқа эпизодты жауап, қозғалыссыз не автоматтандырылған стереотипті қозғалыстар, жамбастық қызметтерді бақылаудың жоғалуы. - Сопор (санасыздық, қатты ұйқы) – сананының толығымен болмауы, мақсатты бағытталған, координацияланған қорғаныс қозғалыстары, ауырсыну және дыбыстық тітіркендіргіштірге көзін ашу, сұрақты бірнеше рет қайталағанда қысқа эпизодты жауап, қозғалыссыз не автоматтандырылған стереотипті қозғалыстар, жамбастық қызметтерді бақылаудың жоғалуы.
- Шамалы кома (I) - оянбайды, ауырсыну тітіркендіргіштеріне теңдестірілмеген хаотикалық қорғаныс қозғалыстары, тітіркендірігштерге көзін ашпайды және жамбастық қызсеттерді бақылаудың жоғалуы, тыныс алу мен жүрек қан тамырлар жүйесі жеңіл зақымдалуы мүмкін.
Терең кома (II) – оянбайды, қорғаныс қозғалыстары жоқ, бұлшық ет тонусы бұзылған, сіңірлік рефлекстер тежелген, тыныс алу айқын бұзылған, жүрек қан тамырлық декомпенсация. - Терең кома (II) – оянбайды, қорғаныс қозғалыстары жоқ, бұлшық ет тонусы бұзылған, сіңірлік рефлекстер тежелген, тыныс алу айқын бұзылған, жүрек қан тамырлық декомпенсация.
- Терминалды кома (III) - агональды жағдай, атония, арефлексия, витальды қызметтер тыныс алу аппаратарымен және жүрек қан тамырлық препараттармен сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |