Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет36/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы - уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқулы- ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып орындалады.
WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>; мұндағы қайталану шарты логикалық өрнек, цикл тұлғасы — қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат — true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған — false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды.
WHILE операторынын жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде де оңай бейнелеуге болады.
WHILE <шарт>
DO
BEGIN
<1-оператор;>
<2-оператор;>
...

END;

Енді мысалдар қарастырайық.


1-мысал. Пернетақтадан енгізілген сандардың қосындысын табу программасын құр.

program kosjndy;


const
limit = 10; {Енгізілетін сандардың шектелуі}
var
count, item, sum: integer;
begin
count:=0; {Енгізілетін сандарды санау}
sum:= 0; {сандар қосындысы}
while(count{Циклдін қайталану шарты}
begin
count := count + 1;
write(count, ‘-ші бүтін санды енгізіңдер’);
readln(item); {Кезекті санды пернетақтадан енгізу}
sum := sum + item;
end;
write(‘Енгізілген сандардың қосындысы =’, sum);
end.
Бұл мысалда тұрақтыларды сипаттау бөліміндегі limit тұрақтысы енгізілетін сандарды шектеу рөлін атқарады. Айнымалыларды сипаттау бөліміндегі count, item, sum айнымалылары бүтін сандық типте көрсетілген.
Программа басында енгізілген сандарды санайтын count (санауыш) айнымалысы мен қосынды — sum нөлге теңестіріледі де, одан кейін 10 сан ентізіліп, оларды біртіндеп санау мен жинақтап қосу жүзеге асырыла бастайды.
Алдын ала WHILE операторы count<10 шартын тексереді. Шарт ақиқат болса, яғни орындалса, цикл тұлғасы болып келетін құрама оператор атқарылады, онда кезекті сан енгізіліп, қосынды осы сан мөлшеріне көбейеді. Сонан соң қайтадан цикл операторы орындалып шарт тексеріледі, ол ақиқат болса, тағы да цикл қайталанады т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет