Программа денесі(операторлар тізбегі)


ЖИЫНДАР Қаралатын сұрақтар



бет48/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

ЖИЫНДАР
Қаралатын сұрақтар:

  • Жиын ұғымы;

  • Жиындарға қолданылатын амалдар;

  • Салыстыру амалы.

Массивтер сияқты, жиындар базалық деп аталатын бір типті элементтерден тұратын мәліметтер жиынтығы. Бірақ массивтерден айырмашылығы - жиында элементтердің саны еркін болады. Жиындық типтердің сипатталуы:


Type
S=set of a
Мұндағы Set - жиын және of - одан (из) деген ұғымды білдіреді. S - жарияланушы жиындық типтің атауы, а- жиынның базалық типі.
Type
а1= set of 1..3;
а2= set of ‘а’..’е’;
а3= set of char;
Var
x:a1; y:a2; z:a3;
а1 жиындық типі үшін базалық тип ретінде (1..3) интервалдық типі берілген. Х айнымалысы а1 жиындық типке жатады және келесі мәндерді қабылдауы мүмкін: [], [1], [2], [3], [1,2], [1,3], [2,3], [1,2,3] (барлығы 8 (23) мәндер). Басқаша айтқанда, жиындардың мәндері оларға енетін барлық ішкі жиындар болуы мүмкін - құр жиыннан бастап, базалық типтің барлық мүмкін мәндеріне дейін. Turbo Pascal-да жиындық типтің айқын берілген мәндерін қолдану мүмкін, мысалы, бүтінсанды немесе нақты мәндер. Бұл жағдайда жиынның элементтері тік жақшаға алынып, үтір арқылы жазылады.
х:=[1,3];
х:=[];
а2 жиындық типі үшін базалық ретінде ‘a’..’е’ диапазонs алынған. а2 жиындық типіне жататын у айнымалысы осы жиынға енетін барлық ішкі жиындарға сәйкес мәндер қабылдай алады (барлығы 32(25) мәндер).
а3 жиындық типі үшін базалық тип ретінде стандартты char типі алынған. z-айнымалысы қабылдай алатын мәндер саны (а3 - жиындық типіне жататын) 2256 –не тең, және де бұл мәндер ASCIІ кестесінен алынған символдардың еркін жиынтығы болып табылады.
Мысалы z-айнымалысы келесі мәндерді қабылдай алады.
[ ‘3’,’f’, ‘(’,’#’,’п’, ‘Л’]
z-айнымалысының мәндерін былай да көрсетуге болады.
[chr(45), chr(54), chr(58), chr(65), chr(73), chr(78), chr(89)]
Turbo Pascal тілінде жиындарды программалауға байланысты бірқатар ескертулер:

  • Жиынның элементтерінің саны еркін болуынан басқа массивтен тағы да бір айырмашылығы бар. Егер массив - элементтердің реттелген типі болса, онда жиында элементтердің реті бекітілмейді.Мысалы, [1,2,3,4,5] және [5,2,1,4,3] – бұл бір жиын. Сол сияқты жиынның барлық элементтері әр түрлі болуы керек. Мысалы, [1,2,3] және [1,1,2,3,3,3] - екеуі бір жиын.

  • Жиынды көрсету оған енетін элементтерді тізімдеу жолымен немесе диапазонын (егер жиын мүшелері үздіксіз тізбекті құраса) көрсету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, [1,2,3,4,5] жиынын [1..5] деп те көрсетуге болады. Сол сияқты екі тәсілді араластырып көрсетуге де болады [1..5,7,9].

  • Turbo Pascal-да жиын элементтерінің саны 256-дан аспауы керек (және де бүтінсанды типтер үшін бұл мәндер 0..255 диапазонында жату керек). Осы шектеу салдарынан жиындар үшін базалық тип ретінде тек қана byte, char, Boolean типтері қызмет етеді. Мысалы, Integer типін базалық тип ретінде қолдануға болмайды, бірақ, Integer типі негізінде жасалған аралық типтерді қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет