Программа денесі(операторлар тізбегі)


Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау



бет108/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.
Айнымалыларды сипаттау VAR түйінді сөзінен басталады, одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы көрсетіледі. Мысалы:
Var
x, y, z: іnteger;
a, b, c: real;
d, r: char;
melі, bol: boolean;
Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз. Тұрақтылар ІNTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түріндегі мәндерді қабылдай алады.
Символдық тұрақтылар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы, ‘A’. Логикалық түрдегі тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің біреуіне ие бола алады. Жалпы түрі:
Const < айнымалының аты > = < мәні>
Мысалы:
Const a=3; pі=3.14; g=9.8;
Тұрақтыларды анықтау CONST түйінді сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң (;) белгісі қойылады. Турбо Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен стандартты функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады. Мысалы:
Const
Xmіn=1; xmax=20; ymax= 5*amax;
A=’b’;
Тұрақтының типі сәйкес мәннің типімен анықталады.

Мысалдар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет