Графикалық режимнен шығу Кез-келген графикалық режимге өту жүзеге асатын программада осы режимнен шығу қарастырылу керек. Графикалық режимнен шығуға CloseGraph процедурасы мүмкіндік береді.
CloseGraph процедурасы графикалық режимге өтуге дейінгі қолданылған видеорежимді (мәтіндік режим) қалпына келтіреді.
Тақырыбы:
Procedure CloseGraph;
Түстер мен толтырулар Turbo Pascal программасында экранға бейнені шығару түрлі түстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сол сияқты қандай-да бір тұйық фигураны белгілі бір түсті толық фонмен немесе қандай-да бір өрнекпен толтыруға болады.