Паскальтіліндегі түйінді сөздербір-бірімен айыру белгілерімен бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар. Тіл операторларында қарапайым сөйлем жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі алдын ала анықталған символдар тіркесінен тұратын қордағы түйінді сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілінде — ағылшын тілінде жазылады.
Программалау тілдерінде «өрнек»,«оператор», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.