Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет20/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология
Документ (1), Өлкетану 3 апта
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Жер шарын қоршап тұрған ауа қабаты- атмосфера- метеорологияның 
зерттеу саласы болып табылады. Атмосфераөзінің қасиеттері бойынша 
кеңістікте біркелкі емес және уақыт бойынша да өте өзгермелі болып табылады.
Курстың негізгі мақсаты сапалық және сандық сипаттамасы негізінде 
атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процесстер туралы студенттерде 
фундамендалды білімді қалыптастыру болып табылады.
Метеорологияның негізгі міндеттерінің бірі болып атмосферадағы болып 
жатқан құбылыстар мен процесстерге физикалық түсіндірмені беру, даму 
заңдылықтары мен олардың себеп-салдарлық байланыстарын орнату. Заманауи 
метеорологияның міндеттері тек атмосфера құбылыстарымен процесстердің 
физикалық мағынасын түсіндірумен ғана шектелмейді. Метеорологиядағы 
негізгі зерттеу әдістері: бақылау және эксперимент статистикалық талдау 
физика-математикалық моделдеу.
Осы қабаттардағы физикалық және химиялық процесстер көптеген 
ғылымдармен зерттеледі, олар жалпы «Жер туралы ілім» деп аталады. 
Сондықтан, метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы және оның өзге 
ғылыми пәндерге бөлінуі қарастырылады. Метеорологияның ғылым ретінде 
дамуы жеке ірі бөлімдердің өзіндік ғылыми пән ретінде қалыптасуына келтірді. 
Осындай пәндерге: атмосфера физикасы, динамикалық метеорология, 
синоптикалық 
метеорология, 
өлшеу 
әдістері, 
климатология, 
радиометеорология, космостық метеорология, авиациялық метеорология, 
агрометеорологиялық, қолданбалы климатология, теңіздік метеорология и 
медициналық метеорология жатады.
Студенттер пәнді оқу барысында даму және орнығу тарихымен танысады. 
Заманауи ғылыми метеорология XVII ғасырдан, Галилей және оның 
шәкірттерімен алғашқы метеорологиялық құралдары және аспаптық 
бақылауларды жүргізу мүмкіндігі пайда болғаннан басталды.
Олар XVII ғасырдың екінші жартысында және XVIIІ ғасырдың 
Европаның аздаған бекеттерде жүргізілуі басталды. XVIIІ ғасырдың ортасына 
қарай М.В. Ломоносов метеорологияны өзінің міндеттері мен әдістері бар жеке 
ғылым ретінде қарастырған. М.В. Ломоносов атмосфералық электрленудің 
алғашқы теориясын құрастыған, метеорологиялық аспаптарды өңдеген, климат 
және ауа райының ғылыми болжаудың мүмкіндігі туралы ойын айтқан. XVIII 


ғасырдың екiншi жартысында жеке адамның ынтасы бойынша Маннгеймнiң 
метеорологиялық 
қоғамы 
құрылып, 
Европада 
бiртектi 
аспаптармен 
жабдықталған 39 метеорологиялық станциялар торабы құрылды. Ол станциялар 
торабы 12 жыл жұмыс iстеп тұрды.
XIX 
ғасырдың 
басында 
бірінші 
мемлекеттік 
станциялар 
ұйымдастырылады. А. Гумбольд және Г.В. Довенің еңбектері климатология 
негіздерін қалыптастырады. Г.В. Брандес алғашқы синоатикалық карталарды 
құрастырағн. XIX ғасырдың ортасына қарай алғашқы метеорологиялық 
институттардың, 
соның 
ішінде 
Петербургтағы 
бас 
геофизикалық 
обсерваторияның ашылуы орын алды. Оның алғашқы басшысына Г.И. Вильдке 
үздік метеорологиялық тордың ұйымдастыру тарихи еңбегі және мемлекеттің 
бірқатар климаттық жағдайының зерттелуі жатады. Оның көмекшісі М.А. 
Рыкачев ауа райы қызметінің ұйымдамтырушысы болды. XIX ғасырдың екінші 
жартысында 
динамикалық 
метеорология 
негіздері 
қалыптасқан. 
Метеорологияның осы саласына АҚШ –да В. Феррель, Германияда Г. 
Гельмгольц және де басқа ғалымда үлкен үлестерін қосқан. Осы уақытта жалпы 
географиялық жағдайымен тығыз байланыста болған климаттың зерттелуі орыс 
географы және климатологы А.И. Воейков Австриядағы Ю. Ханн, 
Германиядағы В. Кеппен еңбектерімен дамыған. Ғасырдың соңында 
атмосферадағы радиациялық және электрлік процесстердің зерттеулері 
күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет