Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет42/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе
Метеорологиядағы ГАЖ пәні, міндеттері және әдістері. ГАЖ-дің басқа 
пәндермен байланысы. ГАЖ-дің мақсаты, принциптері, негізгі міндеттері және 
үлгілері. Заманауи ғылымдардың даму процессінде қазіргі уақыттағы 
геоақпараттық технологиялардың рөлі. Заманауи қоғамның дамуында 
геоақпараттық технологиялар рөлінің маңызы. ГАЖ-технологиялар дамуының 
негізгі этаптары. 
Зерттеу пәнінің әдістері: бақылау және эксперимент, статистикалық 
талдау, физика-математикалық модельдеу. 
Географиялық ақпараттық жүйелер орны координат жүйелерімен 
сипатталатын кеңістіктік нысандарының жұмысын жобалайды, яғни ГАЖ үшін 
жердің географиялық қабығы шеңберінде табиғи және антропогендік 
нысандарға қатысты заңдылықтарды зерттейтін географиялық ғылымға лайық 
әдістер тән. Жердің географиялық қабығы лито - , гидро - , био - , 
атмосферадан тұрады. 
Заманауи ГАЖ: 

ақпараттардың кеңістіктік және кез-келген түрлерін біріктіреді; 

географиялық үйлестірілген мәліметтерді ұйымдастыру үшін бірыңғай 
концептуалды, әдістемелік және технологиялық негіздерді ұсынады; 

бізді шынайы қоршап тұрған географиялық өзара орналасқан 
(жақын/алыс) нысандар ерекшеліктеріне негізделген мәліметтерді қарастыруға 
мүмкіндік береді; 

мәліметтерді манипуляциялау және көрсетудің жаңа, шынайыға жақын 
және оңай қабылданатын тәсілдерін (картографиялық бейнелер негізінде) 
ұсынады. 
Студенттер, бұл курсты оқу барысында, ГАЖ технологияларының даму 
тарихымен танысады, метеорология саласында міндеттерді шұғыл шешу үшін 
оны оқу қажеттілігін түсінеді. 
Дәрістерді студенттер теорияны, есептерді жеке-жеке тапсыратын 
зертханалық сабақтар толтырады. Теорияны тапсыру студенттің әлсіз жерлері 
анықталып, оларды сапалы біліммен толтыруға кеңестер берілетін өзара 
сөйлесу арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет