Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет56/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Авиациялық метеорологияның пәні және шешетін мәселелері, оның 
дамуының қысқаша тарихы. Авиациялық метеорологияның аэродинамика, 
аэронавигация және де басқа да авиациялық пәндермен байланысы.
Әуе тасымалдануының тиімділігін, қауіпсіздігін, реттілігін жоғарылату 
мақсатында метеорологиялық жағдайларды есепке алу қажеттілігі.
Авиациялық метеорология саласындағы халықаралық қатынастар
Курстың мақсаты: «Авиациялық метеорология» пәнінің мақсаты әуе 
тасымалдануын экономикалық эффективті, қауіпсіз ету мақсатында сапалы 
метеорологиялық қызмет көрсету үшін терең теориялық білімі бар және 
практикалық түрде игерген мамандарды даярлау болып табылады. 
Курстың міндеттері: метеорологиялық жағдайлардың авиацияға әсерін 
теориялық және методикалық тұрғыда оқыту.
Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек: 
Студент қазіргі кездегі азаматтық авиацияның әуе – техникалық 
сипаттамаларын, олардың атмосфера күйіне тәуелділігін, түрлі биіктіктер мен 
әртүрлі географиялық аймақтарда ұшу жағдайларын, азаматтық авиацияны 
метеорологиялық қамтамасыздандыру тәртібін және реттеуші құжаттарды 
білуге міндетті.
Студент аэросиноптикалық материалдарды сауатты түрде талдау және 
қажетті метеорологиялық құжаттарды дайындау, күрделі метеорологиялық 
жағдайлардың және қауіпті атмосфералық құбылыстардың туындауын бағалай 
білуі қажет.
Авиацияның 
әртүрлі 
салада 
қолдануына 
метеорологиялық 
қамтамассыздау ерекшеліктерін білуі қажет. 


 Игеруі керек: 
Экологиялық зерттеулер жасағанда, әсiресе ауа бассейiнiнiң ластануы 
проблемаларымен 
айналысқанда 
метеорологиялық 
және 
климаттық 
мәлiметтердi дұрыс қолдану. 
-
метеорологиялық сипаттамаларды есептеуге арналған негізгі 
статистикалық талдау әдістерін пайдалануды; 
-
атмосфера күйіне антропогендік әсердің ықпалын бағалауды; 
-
метеорологиялық факторлардың қоршаған ортаның күйіне ықпалын 
бағалауды және табиғатты қорғау мен табиғи қорларды үнемді пайдалану 
бойынша ұсыныстар беруді; 
-
зерттелетін ауданның климаттық сипатын құрастыруды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет