Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіп
Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___
ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова
Оқытушы туралы мәлімет:
ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Гүлден Кенесқызы
Тел. (8-7182) 32-43-08
Қабылдау уақыты: жұма сағ.15.35, ауд. №324
Пән туралы мәліметтер:
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 6 семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны – 90, дәріс -15с, тәжірибешілік -15, СӨЖО-15с, СӨЖ-45с.
Пәннің қысқаша аннотациясы
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттерге әдеби-тарихи, әдеби-теориялық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы жан-жақты түсінік берілді. Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педогог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерне назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде әдебиет пәнінің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болды.
Пәнді оқыту мақсаты:
Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнынан әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіру бағытын ұстанады.
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетінің әдіснамасы. Оқу құралы. -., 2002
Әрінова Б. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.-А., 2004
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-А., 1988
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.-А., 2003
Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.
Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.
Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.
Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. - А., 1969.
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.
Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.
Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. 1969.
Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. –А., 1966
Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. –А., 1987
Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.
Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000.
Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.
Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.
Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.
Мәшһүр Жүсіп.Қ. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2002.
Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 2000.
Ќосымша:
Құрманбаева Г., Жұматаева Е. әдебиет. Оқыту әдістемесі. –А., 2001
Әрінова Б., Аққұлова А. Әдебиет. Оқыту әдістемесі. –А., 2003
Мырзағалиев Қ.Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.-А., 1973
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
1
|
4
|
2
|
Қазақ әдебиетін оқыту тарихы
|
1
|
1
|
5
|
3
|
Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері
|
1
|
1
|
5
|
4
|
Әдеби базалық білім аймағы. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы
|
1
|
1
|
5
|
5
|
Әдебиет пәнінің оқыту әдіс-тәсілдері
|
1
|
1
|
5
|
6
|
Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
|
1
|
1
|
5
|
7
|
Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары.
|
1
|
1
|
6
|
8
|
Драмалық шығармалардың оқытылуы
|
1
|
1
|
5
|
9
|
Лирикалық шығармаларды оқыту
|
1
|
1
|
5
|
10
|
Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
|
1
|
1
|
5
|
11
|
Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шет ел әдебиеті. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері
|
1
|
1
|
5
|
12
|
Әдебиет пәні кабинеті
|
1
|
1
|
5
|
Барлығы: сағат
|
15
|
15
|
60
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1- тақырып. Кіріспе
Қазақ әдебиетін жалпы білім беретін орта мектепте оқыту әдістемесінің Жоғары оқу оырндары жүйесіндегі алатын орны. Әдебиет пәні мұғалімдерін дайындауға қойылатын талаптар. Бүгінгі күн сұраныстарының ерекшеліктері.ғылым мен білімнің, жаңа технологиялардың қарыштап дамып отырған заманында әдебиет пәні оқытушыларының дайындық деңгейі мен бітімі. Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын игі әсері. Мектеп оқушыларының адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын әдебиет пәні мұғалімінің рөлі. Әдебиет пәнінің әдепкі оқытылу көріністері. Қазақ еліндегі ертеден қалыптасқан білім беру дәстүрлері. Араб-парсы әлемі үлгісіндегі оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі. Діни оқулары мен діни-әдеби оқу құралдары. Сауат ашу ісіндегі молда-мұғалімдер тәлім-тәрбиесі. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу пәндері. Әдеби мәтіндердің мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы. Әдепкі әдебиет пәнінің материалдары.
Әдебиет пәнінің ғылым салаларымен байланысы. Әдебеит пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет таризы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, тағы басқа ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. Әдебиет пәнінің мектеп бағдарламасына орай қарастыратын, түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері қазыналары болғандықтан, оны көркем өнердің басқа да түрлерімен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәні және ресейлік әдіскерлердің ұстанымдары.
2- тақырып. Қазақ әдебиетін оқыту тарихы
Әдебиет пәнінің XIX ғасырдағы жаңаша оқытылу жайы. Мектептер жүйесі, ондағы пиитика мен риторика пәндері, жүргізілу дағдылары. Ресейлік оқытушы әдебиетшілер: Ф.И.Буслаев, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский т.б. әдебиет пәнін оқыту туралы әдістемелік-тәрбиелік маңызы бар еңбектері. Жаңаша демократтық бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. әдебиетші, педагогтарының толғаныстары. Қазақ жеріндегі орыс-түзем мектептері мақсаты. Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бастамалар. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі жөніндегі ой-толғаныстары. Шоқан Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы турасындағы пікірлері,сілтеген жолы. Оқу, тәлім-тәрбие жөніндегі Абай Құнабаев айтқан өнеге, үлгі сөздері. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі, әдеби шығармашылығы. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшілігі, жаңалығы. «Қазақ хрестоматиясы» - жаңа үлгідегі әдебиет пәні оқу құрылымы, түзілісі, мәтіндері. Әдебиет пәнін оқытудың жаңа кезеңі (XX ғасыр). Әдебиет пәнінің кеңестік жылдардағы оқытылу жайы. Оқу-ағарту ісіндегі өзгерістер. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. 1917-1922 жылдардағы мектеп түрлері. 1921 ж. әдебиет бағдарламалары. «Әдебиеттік оқу» атауының қалыптасатындығы. Әдебиеттік оқуға қойылған талаптар, нұсқаулар. 1933-1939 жылдарда қабылданға оқу бағдарламалары. Қазақ мектептерінің түзілісі, ондағы әдебиет пәні. Алфавит түрлері. Белгілі ақын-жазушылар, мен әдебиетші-әдіскердің педагогтік қызметі, оқу құралдары. 1960-70-80-90 жылдардағы әдебиет пәні оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар.
3- тақырып. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері
2000-2006 жылдар аралығындағы білім беру жүйесіндегі іргелі жаңалықтар. Қазақстанның тәуелсіздік алғандығы, оның әдебиет бағдарламаларын жасауға тигізген игі ықпалы. Жаңа бетбұрыстар, тың ұстанымдар. Оқу-ағарту орындарының жаңа құрылымы: мектеп-лицейлер, колледждер, гимназиялар, мамандандырылған арнаулы мектептер, жекеменшік мектептер. әдебиет пәнінің жаңа тұжырымдамасы. Әдебиет пәнінің сыныптар бойынша жаңаша құрылысы. Әдебиет пәндерінің орта мектептерде жүргізілу реті. Бастауыш I-IV сыныптардағы түсіндірмелі оқу, оның әдеби талдауға арналмай, тек көркем мәтінді түсініп оқуды көздейтіндігі. Ұсынылатын әдеби мәтіндердің ұғымға жеңіл, шағын болатындығы. V-IX сыныптардағы әдебиеттік оқу пәндері, оның өзіндік түрі, бітімі. Әр сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдеби мәтіндердің таңдалып, іріктеліп алынатындығы. Әдеби оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, қосымша әдістемелік нұсқаулар. Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұндық-идеялық құрылымының жоғары сыныптарға жақындай түсетіндігі.
4-тақырып. Әдеби базалық білім аймағы. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы
Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Халық әдебиеті және оның іріктелген жанрлары. Ежелгі дәуір әдебиеті, оның мектептік үлгілері. Жыраулар поэзиясы, оның көрнекті өкілдері. Қазақтың XIX-XX ғасырлардағы классикалық әдебиеті, оның ақын-жазушылары. Қазіргі қазақ әдебиеті. Базалық әдеби оқудың тиімділігі және маңызы, қажеттілігі. Базалық әдеби білім беру бағдарламаларының екі бөліктен құралатындығы. Олардың өзара сабақтастығы, бірі-бірінің заңды жалғасы болатындығы. Сыныптардағы әдебиеттік оқулардың жанрлық-хронологиялық принципке бағындырыла жүргізілетіндігі. Мұндағы әдебиет пәні жеке әдеби нұсқаларды, авторлар өмірі мен шығрмашылықтарын оқып үйренуге негізделген әдебиеттік оқу сипаттарында болатындығы. X-XI сыныптарда әдеби материалдардың тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай орналастырылатындығы. Оның орта мектептің жоғары сыныптарына арналып жазылған, түзілген қазақ әдебиеті тарихының қысқаша ғылыми курсы екендігі. Сондықтан онда қазақ көркем әдебиеті өкілдерінің бәрі бірдей қамтылмайтындығы. Жоғары сыныптардағы әдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік тарихи хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби таңдамалы жалғасы саналатындығы. Әдеби-теориялық ұғымдардың да ғылымилығы артып, терңдетіле түсетіндігі. Жазу жұмыстарының қойылатын талаптардың да күрделене беретіндігі.
5- тақырып. Әдебиет пәнінің оқыту әдіс-тәсілдері
Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері.
Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Творчестволық оқу әдісінің өзіндік ерекшелігі. Сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл бөлу қажеттігі. Оқушылардың бойына көркем шығарманы түсіну, тұтыну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру жолдары. Әдеби көркем шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің маңызы, шарт екендігі. Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амал-тәсілдер. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар.
Эвристикалық оқу әдісі. Әдеби мәтінді терең түйсіну, игеру оны саралап талдау амалдары. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап түрлері, эвристикалық пікір таласы, оның тақырып алуандығы. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Мұғалім мен оқушы атқаратын жұмыс түрі.
Зерттеп оқу әдісі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы. Әдістің оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға ғылыми қорытындылар жасай білуге баулитындығы. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап оқуға жетелейтіндігі.Бұл тәсілге алдын-ала дайындықтың қажеттігі. Пән мұғалімі ұйымдастыратын жұмыстар. Оқушылар атқаратын зерттеу жолдары
Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген әдеби-тарихи, әдеби-теориялық білімді белсенді түрде қабылдау қажеттігі. Ой-сана, ес-жад, алғыр қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, қайта жаңғыртып, молайтып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Аталған тәсіл бойынша мұғалім мен оқушы орындайтын жұмыстар мен міндеттер.
6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары. Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Лессинг, Л.Тимофеев, Н.Гуляев т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары.
7- тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары.
Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді – эпикалық шығармаларды талдауға,құрылысын, баяндау жолдарын танытуға қойылатын талаптар. Олардың көркемдік, тәрбиелік сипаттарын ашу амалдары.
8- тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Драмалық шығармалар және олардың жазылу мәнері туралы мағлұматтар. Драмалық шығармалардың көркем қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла беретіндігі. Жазылу, сахнада орындалу заңдылықтары. Драматург - режиссер - әртіс схемасына түсінік. Орындалатын орны – театр, сахна. Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылар қызығушылығын арттыру жолдары.
9- тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту
Лирикалық шығармалардың адамның көңіл-күйіне, темпераментіне, білім-білік деңгейіне, мінез-құлқына тікелей баланысты екендігі. Лириканың эпос пен драмалық шығармалардан айырмашылығы. Лириканың түрлері, мысалдары. Мәнерлеп, мақамдап оқып-үйрену тәсілдері, мұғалімнің жетекшілік рөлі. Лирикалық шығармаларда автордың, ақынның бірінші орында тұратындығы, мысалдары. V-XI сынып оқулықтарындағы лирикалық өлең түрлері мен ғылыми талдамасы.
10- тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немес жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғарғы оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы.
Күнтізбелік (календарлық) –тақырыптық жоспар түзілісі, не себепті қажеттілігі, бағдардың рөлі. Оның V-XI сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына сай жасалатындығы. Сабақ кестесіне сай, тақырыптың өтілетін күні, уақытының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны.
Сабақтық жоспар, оның күнтізбелік жоспар негізінде жасалатыны. Сабақтық жоспарлардың керек болу себебі, атқаратын рөлі, тармақтары мен бөлімдері. Мұғалімнің творчестволық қасиеттерінің, талант-қабілеттерінің көрінетіндігі.
11-тақырып. Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шет ел әдебиеті. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері.
Бесінші-он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылатын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керектігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінез-құлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дерек-көздік, тәлімдік ролі, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары. Оқушылардың ауызша және жазбаша әдеби тілін дамыту, жетілдірудің қажеттілігі, маңыздылығы. Жазбаша сөз, хат-хабар қатынастары мәдениеті. Жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама жаздыру, оның сөз көлемі. Әдеби шығарма жаздыру түрлері, тақырыптары, көлемі және бағалау.
12- тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. 1) Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды. 2) Қазақ және көрнекті әлем ақн-жазушларының белгілі көркем шығармалар жинақтары, томдары, портрет-суреттері кабинеттің кітап сөрелерінде тұратындығы, қабырғаларына ілініп қойылатындығы. Әдебиет пәніне қажетті алуан түрлі энциклопедиялар анықтағыштар, туған ел тарихына, мәдениетіне қатысты еңбектер, альбомдар т.б. Әдебиет кабинетінің меңгерушісі, лаборанты атқаратын жұмыстары мен міндеттері.
3.3 ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1- тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзге ғылым салаларымен байланысы.
Әдебиет пәнінің тарихпен байлансы. Таным теориясымен байланысы. Тіл біліммен байланысы. Педагогика, психологиямен байланысы.
2- тақырып. Қазақ әдебиетін оқытылу тарихы
XVII-XIX ғасырлардағы молда-мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу бағдарламаоарының түзілісінің ерекшелігі. XIX ғасырдағы орыс-түзем оқуы мақсаты. Орыс әдіскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев пен В.И.Водовозовтың әдістемелік ұстанымдары. В.Я. Стоюнин мен В.П. Острогорскийдің әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевскийдік ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялылыраның оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың оқу ісі жөніндегі пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнанбаевтың оқу-білімі жөніндегі пікір-талаптары. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағатрту жұмыстары жөнінде. А.Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері. М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбектері. Ж.Аймауытовтың оқу-ісі барысы туралы ойлары.
3- тақырып. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері
1990-2007 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептеріндегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.), оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер. «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы,1998). Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби блім берудегі модульдік жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі.
4- тақырып. Әдебиет пәндерінің орта мектепте жүргізілу реті. Әдеби базалық білімнің екі сатысы.
5-8 сыныптарда әдебиетті оқыту . 9-11 сыныптарда әдебиетті оқыту. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық, белсенділік, жүйелілік, бірізділік принциптері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.
5- тақырып. Сабақ жүргізіу әдістері
Сабақ жүргізу әдістері. Творчестволық оқу әдісі. Эвристикалық оқу әдісі. Зерттеу оқу әдісі. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту әдісі. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер (6 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2002).
6- тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау, өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстыра талдау, көркем тундының ішкі әлеміне енудегі талдау түрлерінің өзара байланысы, талдау барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, проблемалық ситуация туғызатын сұрақтар. Талдау барысында мәтіндегі суреттеліп отырған құбылыстарына, кейіпкерлеріне қатысты авторлық позицияны толық ашу, көркем шығарманың құрасстырушы негіздері: сюжет, композиция, тақырып, идея, көркем образ, әдеби тип, әдеби мінез ұғымдарын, тілдің бейнелеу беліглерін негізгі рөлін анықтай білу.
7- тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары.
Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудің тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі, проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыту.
8- тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар, авторлық идеялық-эстетикалық шешімін табу, драмалық шығармаларға қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, белгілі бір жүйемен бір арнаға өрбіп дамуы. Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер. М.Әуезовтің «Түнгі сарынын» оқыту.
9- тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту
Лирикалық қаһарман, лирикадағы әсемдік, идея, тақырып, лирикадағы сюжет мәселесінің өзіндік ерекшелігі. 5-6 сыныптарда өлең оқыту. 7-8 сыныптарда өлең оқыту, 9-11 сыныптарда өлең оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті» еңбегі бойынша). К.Ахметованың «Қазағым менің», М.Мақатевтың «Мен таулықпын» өлеңдерін оқыту (5 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2005).
10- тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесі бойынша сабақ жоспарын құру (7 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2003).
11- тақырып. Жазу жұмыстарының түрлері, сипаты.
Мазмұндамаға қойылытын талаптар. Шығармаға қойылатын талаптар.
12- тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Көрнекіліктің түрлері, аудитория және одан тыс пайдалану. Техникалық құралдар қолданудың амал-тәсілдері. С.Сейфуллин шығармашылығын өту барысында қолданылатын көрнекілік түрлері, техникалық құралдар.
Студенттердің өздік жұмыстары
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.
әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;
дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.
3.4 С¤Ж мазм±ны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
ҚФ-11
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1x 15)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1x 15)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
18
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Реферат
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
10
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК1, РК2
|
2
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің өзара байланыстыра оқыту мәселелері. Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықты ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырудың жолдары.
¦сынылатын єдебиет: [2], 263-271беттер, [3],1-20 беттер, [7], 98-108 беттер, [15], 5-30 беттер, [18], 5 -100 беттер
2 Жоғары сынып (10-11) оқулықтарындағы берілген туындыларға проблемалық сұрақ-тапсырмалар түзу. Проблемалық және ізденімді-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру мәселелері. Проблемалы жағдайға құрылған семинар-дискуссия.
¦сынылатын єдебиет: [2], 67-73 бет, [6], 1-50 беттер, [8], 233-237 беттер.
3. Эпикалық шығармаларды оқыту. Д.Исабековтың «Ата үміті», М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармаларын оқыту (6 сынып. Әдебиет. -А: Атамұра, 2002).
¦сынылатын єдебиет: [4], 5-36 бет, [5], 10-56 беттер, [9],5-100 беттер. [14],3-100 беттер [17], 5-90 беттер
4. Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелік принциптері. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту (поэтикалық талдау). С.Торайғыров өлеңдерін оқыту (10 сынып, -А.,1998).
¦сынылатын єдебиет: [10], 5-50 бет, [11], 5-100 беттер, [12],5-100 беттер.
5. Педагогикалық технология талаптары және бүгінгі сабақ түрлері. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту ( Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту», «Көркем сөздің құдіреті» еңбектері бойынша).
¦сынылатын єдебиет: [1], 5-30 бет, [7], 161-181 беттер, [8], 175-197 беттер, [13],3-100 беттер, [16], 5-60 беттер.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
1 рейтинг (3 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Аптадағы максим. сағат
|
10
|
11
|
10
|
11
|
10
|
11
|
11
|
26
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 1
|
ҮТ2
|
ҮТ3
|
ҮТ4
|
ҮТ5
|
ҮТ6
|
ҮТ7
|
ҮТ8
|
16
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
‡й тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 1
|
ҮТ2
|
ҮТ3
|
ҮТ4
|
ҮТ5
|
ҮТ6
|
ҮТ7
|
ҮТ 1
|
32
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Ќосымша материалдарѓа дайындыќ
|
СӨЖ түрі
|
|
ҚМ1
|
|
ҚМ2
|
|
ҚМ3
|
ҚМ4
|
|
20
|
Бақылау формасы
|
|
К
|
|
К
|
|
К
|
К
|
|
Макс. балл
|
|
5
|
|
5
|
|
5
|
5
|
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
СӨЖ түрі
|
СТ
|
|
СТ
|
|
СТ
|
|
|
|
12
|
Бақылау формасы
|
Р1
|
|
Р2
|
|
Р3
|
|
|
|
Макс. балл
|
4
|
|
4
|
|
4
|
|
|
|
Межелік
бақылау
|
Тақ. №
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Бақылау формасы
|
|
|
|
|
|
|
МБ
|
|
Макс. балл
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
2 рейтинг (3 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Аптадағы максим. сағат
|
12
|
9
|
12
|
9
|
12
|
9
|
37
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 9
|
ҮТ10
|
ҮТ11
|
ҮТ12
|
ҮТ13
|
ҮТ14
|
ҮТ15
|
14
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
‡й тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ91
|
ҮТ10
|
ҮТ11
|
ҮТ12
|
ҮТ13
|
ҮТ14
|
ҮТ15
|
28
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Ќосымша материалдарѓа дайындыќ
|
СӨЖ түрі
|
ҚМ5
|
ҚМ6
|
ҚМ7
|
ҚМ8
|
ҚМ9
|
ҚМ10
|
ҚМ11
|
21
|
Бақылау формасы
|
К
|
К
|
К
|
К
|
К
|
К
|
К
|
Макс. балл
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
СӨЖ түрі
|
СМ4
|
|
СМ5
|
|
СМ6
|
|
СМ7
|
12
|
Бақылау формасы
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
Макс. балл
|
3
|
|
3
|
|
3
|
|
3
|
Межелік
бақылау
|
СӨЖ
|
|
|
|
|
|
МБ
|
|
25
|
Бақылау формасы
|
|
|
|
|
|
|
|
Макс. балл
|
|
|
|
|
|
|
25
|
Шартты белгілер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.
Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:
- дәріске қатысу – 2 балл.
- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.
- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл
Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;
Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;
Грамматикалық талдаулар жасау -1 балл.
Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:
материалды толық меңгеру -3 балл.
Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл
Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.
- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрлері
|
¤лшемдік ‰лес
|
1
|
Емтихан
|
Емтихан
|
0,4
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
2
|
Сынақ
|
Сынақ
|
0,4
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
3
|
Емтихан К/Ж
|
Емтихан
|
0,4
|
Курстық жұмыс
|
0,3
|
Ағымдық үлгерімді
бақылау
|
0,3
|
4
|
Курстық жұмыс
|
Курстық жұмыс
|
0,6
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,4
|
Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж
мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші
ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.
Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.
Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.
КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.
Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.
Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, дифф. сынақ
|
сынақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
|
Есептелді
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
Жақсы
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
Д+
|
50-54
|
1,0
|
Д
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
|
есептелмеді
|
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:
Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn
К1+К2+...+Кn
Мұнда Қ1 ,Қ2 ,Қn – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;
К1,К2,Кn – семестр бойынша пән сағаты
n – семестр саны
Достарыңызбен бөлісу: |