Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
#488
түріРабочая программа
1   2   3   4

Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2007 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2007 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________2007 ж

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі қазақ әдебиетінің 1917-1990 жылдардағы кезеңінде С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, И.Байзақов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов,Қ.Аманжолов,Ә.Тәжібаев,Ж.Сайн,Ғ.Орманов, Х.Ерғалиев ,Ә.Нұрпейісов,Ж.Молдағалиев,І.Есенберлин,Т.Ахтанов,Қ.Мырзалиев,

М.Мақатаев секілді ақын-жазушылардың шығармалары идеялық-көркемдік жағынан қарастырылады.

Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ әдебиетінің маңызды да күрделі кезеңі болып табылатын 1917-1990 жылдардағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Пәннің міндеттері:

1917-1990 жылдары жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады.

Студенттер білуі тиіс:

- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;

- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;

- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;

- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді

Студенттер істей білуі тиіс:


  • көркем шығармалардың тақырып-идеясын анықтай білу;

  • көркем шығармалардың образдар жүйесін талдай білу;

  • шығармалардың сюжет-композициясын саралау;

  • поэзиялық шығармаларды тілдік жағынан талдау;

  • прозалық шығармалардан



2. Пререквезиттер:

- Әдебиет теориясы.

- Әлем әдебиеті.

-Шетел әдебиетінің тарихы



-Орыс єдебиетініњ тарихы.


Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны



Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

ҚТӘ-31

ҚТӘ-31қ

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері

1

1

4

1

1

4

2

Сәкен Сейфуллин

2

2

3

2

1

5

3

Бейімбет Майлин

2

2

4

2

1

5

4

Ілияс Жансүгіров

2

2

4

2

1

5

5

Жамбыл Жабаев

1

1

4

1

1

5

6

Иса Байзақов

1

1

4

1

1

5

7

Мағжан Жұмабаев

2

2

4

2

2

5

8

Жүсіпбек Аймауытов

2

2

4

2

2

5

9

Мұхтар Әуезов

2

2

4

2

2

5

10

Сәбит Мұқанов

2

2

4

2

1

5

11

Ғабит Мүсірепов

2

2

4

2

2

5

12

Ғабиден Мұстафин

2

2

4

2

1

5

13

Қасым Аманжолов

2

1

4

1

1

5

14

Әбділда Тәжібаев

2

1

4

1

1

4

15

Асқар Тоқмағамбетов

1

1

4

1

1

4

16

Тайыр Жароков

2

1

4

1

1

4

17

Жұмағали Сайн

1

1

3

1

1

4

18

Ғали Орманов

1

1

3

1

1

4

19

Хамит Ерғалиев

2

1

4

1

1

4

20

Әбдіжәміл Нұрпейісов

2

2

4

2

1

5

21

Жұбан Молдағалиев

2

1

4

1

1

5

22

Ілияс Есенберлин

2

2

4

2

1

5

23

Тахауи Ахтанов

2

2

4

2

1

5

24

Қадыр Мырзалиев

2

2

4

2

1

4

25

Мұқағали Мұқатаев

2

2

4

2

1

5




Барлығы:

45

38

97

38

29

113


3.1 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері.



  1. 1917-1940жж. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпалы. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық,ағартушы-демократтық және ұлттық қасиеттің өріс алуы. Олардың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатов,М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,С.Торайғыров,т.б. болуы.

Азатшылдық идеясын насихаттағандар: М.Дулатов («Оян,қазақ»), А.Байтұрсынов («Тілек батам», «Жұбату»), М.Жұмабаев («Бостандық»), С.Торайғыров («Алаш ұраны») .

Осы авторлардың ағартушылық бағыттағы өлеңдері: «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», т.б.

Қазаққа тән суырыпсалмалық өнерді Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шипин, Н.Бекежанов, Ш.Қошқарбаев, т.б. ақындардың одан әрі дамытуы.

1917 жылғы Қазан төңкерісі. С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С.Шәріпов сияқты қаламгерлерлің кеңес өкіметінің идеясын қабыл алуы.

Кеңес өкіметінің халықты жаппай сауаттандыру мақсатында мектептер ашып, ұлт тілінде газеттер шығара бастауы. Мәселен, «Қазақ тілі» (Семей,1919), «Дұрыстық жолы» (Орда, 1919), «Жаңа өріс» (Ташкент, 1920), «Сарыарқа» (Семей).

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезовтердің шығармашылықтары.

1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп»(қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Жұлдыз» журналдарының шыға бастауы.

Жаңа тақырыпқа С.Мұқановтың «Октябрьдің өткелдері», «Батырақ», «Балбөпе» (1927), Ә.Тәжібаевтың «Құлғара» (1927), Қ.Жұмалиевтің «Ерғожа мен Егінбай» (1928) поэмаларының жазылуы.

Сондай-ақ, ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз, әңгіме сияқты жанрларының әртүрлі оқиғасы негізінде С.Мұқановтың «Сұлушаш», Ж.Сыздықовтың «Майкөл тамы», «Әли қарттың әңгімесі»,И.Байзақовтың «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі» поэмаларының тууы.

Қазақ ауылын колхоздастыру бағытында Б.Майлиннің «Қара шелек», «Ұлбосын», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Қырманда», Ғ.Мүсіреповтің «Шұғыла», «Қос шалқар», Ғ.Мұстафиннің « Кек», «Қан», «Қашқын» әңгіме-повестерінің жариялануы.

Қазақ кеңес әдебиетіндегі роман жанрының алғашқы қарлығашы «Адасқандардың» (С.Мұқанов) дүниеге келуі.Роман оқиғасының дайын штамп-схемаға құрылуы, көркемдік-идеялық кемшіліктері.

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» (1926),«Ақбілек» (1927-28) романдары.

Қазақ кеңес әдебиетінде драматургиялық шығармалардың пайда болып, ел арасында сахналануы. М.Әуезовтің «Еңлік- Кебек», Б.Майлиннің «Неке қияр» пьесалары.

Жазушы-драматург Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесаларының 1922925 жж. Жариялануы.

Қазақстанда Қазақ мемлекеттік университетінің, КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалының ашылуы.

РАПП,КазАПП әдебиет ұйымдарының таратылып, КСРО Жазушылар одағының құрылуы.

Қазақстан Жазушылар одағының саясат қолшоқпарына айналуы.

1937 жылғы қазақ зиялыларына жасалған репрессия. Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мағжан, т.б. «халық жауы» ретінде ұсталып, атылуы.

Голощекиннің асыра сілтеушілігін әшкерелеген Сәкеннің «Қызыл ат» поэмасы.

Поэзияда ән-күй, өнер тақырыбына кең құлашты эпикалық дастандардың жазыла бастауы. І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» (1935), «Құлагер» (1936), Ә.Тәжібаевтің «Абыл» поэмалары.

Қазақ әдебиеті үшін тың тақырып - өндіріске арналған Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы» романдарының жазылуы.

Проза жанрында өмірбаяндық шығармалардың жазыла бастауы: «Тар жол, тайғақ кешу» (С.Сейфуллин), «Менің мектептерім» (С.Мұқанов).

Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романында кеңес өкіметі зиялыларының сипатталуы.

Жазушы Сабыр Шәріповтің Иран өмірі негізінде «Рузы Иран» (1935), «Ләйлә» (1936) повестерін жазуы. «Бекболат» (1937) повесінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты сипаттауы.

Ғ.Мүсіреповтің әңгіме жанрындағы сәтті қадамдары. «Талпақ танау», «Күсен», «Шұғыла».

Отызыншы жылдары драматургиялық шығармалардың жазылуы, олардың халықтың 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі тарихына, ауыз әдебиеті сюжетіне құрылуы. М.Әуезовтің «Түнгі сарыны», Б.Майлиннің «Жалбыр, «Дұға», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесалары.

Осы жылдары әдебиет тарихын зерттеу менсын жанрының өрістеуі. С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқановтың «ХХ ғ. қазақ әдебиеті» (1932), М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаевтардың «ХІХ ғ мен ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы».

Сыншы Ғ.Тоғжановтың Абай туралы қарама-қайшы пікірі.



  1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945)

Қазақ жазушыларының майданға аттануы. Б.Бұлқышев, А.Жұмағалиевтердің майданда қаза болуы.

Осы кезеңде қазақ поэзиясының басты тақырыбы – Ұлы Отанды қатыгез, зұлым жаудан қорғау .

Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» , Ж.Сайнның «Айтылмай кеткен аманат», «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары» , «Қ.Аманжоловтың «Байкал»,

«Ақын өлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары.

Халық роэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайта жандануы. 1943 жылы Алматы, Қарағанды қалаларында өткен ақындар айтысында Ш.Қошқарбаев, К.Әзірбаев, Н.Баймұратов, Н.Бекежанов сияқты ақындардың қатысуы.

Осы жылдары туған бірсыпыра пэмалардың Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар өмірінен алынып жазылуы. Жаңа герой жасауға талпыныс. Н.Баймұратов («Ер Төлеген»), Н.Байғанин («Ер туралы жыр»), М.Хакімжанова (Мәншүк), Қ. Сатыбалдин («Мәншүк»).

Осы тақырыпқа жазылған өлең-жырлардың елде қалып, тылда еңбек еткендердің ерлігіне арналуы. Ж.Жабаевтың «Темір тұлпар мінген қыз», А.Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер», Ә.Тәжібаевтың «Қарағанды шахтерлеріне», Ғ.Ормановтың «Жар жалауы», «Жылқышы»атты шығармалары.

Сол сияқты қазақтың жауынгер жазушысы Баубек Бұлқышевтің (1917-1943) өмірге деген махаббат, отаншылдық, ерлік сезімдерінің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» , «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім келеді», т.б. мақала-очерктерінде көрініс табуы.

Ғ.Мүсіреповтің Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап «Ер Ана», «Ақлима», «Ту да, намыс та біздің қолда» атты әңгіме, очерктер және «Қазақ батыры» (1945) повесін жазуы. Повестің «Қазақ солдаты» атты романға айналуы.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романының жазылуы. Шығармада 30-жылдардағы және соғыс кезіндегі елеулі қоғамдық құбылыстардың қамтылуы. Автордың коммунистік идеологияның әсерімен жалған тартысқа бой ұруы.

1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының басылып шығуы.

Соғыс жылдарында дрматургияның дамуы: «Сын сағатта»(М.Әуезов), «Намыс гвардиясы» (М.Әуезов,Ә.Әбішев), «Қынаптағы қылыш» (М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов), «Мәншүк» (Ә.Тәжібаев, Ш.Құсайынов).

Осы кезеңдегі әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының дамуы. Академик Орлов пен Маловтың қазақтың батырлық эпосы, ауыз әдебиеті хақында көлемді зерттеулері.

С.Мұқановтың «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» атты еңбегінің басылуы.



3. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ әдебиетінің дамудың жаңа жолға түсуі.

Осы жылдары поэзияға бір топ талантты жастардың келуі. Олар: Ғ.Қайырбеков, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, З.Шүкіров.

Еңбек адамын жырлаудың бұл кезеңде ерекше орын алғаны. Шығармашылық іздену мен жаңа образдар табуда біраз жемісті нәтижелердің байқалуы. Тың игеру саяси-әлеуметтік , қоғамдық –экономикалық бетбұрыс ретінде танылып, оған С.Мұқанов, М,Әуезов,Ғ.Мүсірепов сынды қаламгерлердің, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев,С.Шаймерденов,Ә.Нұршайықов секілді талантты жазушылардың атсалысып, очерк,әңгіме,пьеса жазуы.Майданнан оралғандардың бастан кешкен ерлік хикаяларын суреттеудің жаңа кезеңінің басталуы. Қазақ поэзиясын идеялық-көркемдік жағынан Қ.Аманжолов, Ж.Сайн, Ж.Молдағалиев, Ә.Сәрсенбаев,Д.Әбілев, С.Мәуленов,Т.Бердияровтардың жаңа белестерге көтеруі.

Осы кезеңде жазылған эпикалық туындылар : Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы», Ж.Молдағалиевтің «Нұрлы жол», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы ой» , Т.Бердияровтың «Мен өмір сүремін», Т.Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», Ә.Тәжібаевтың «Адам», Қ.Аманжоловтың «Біздің дастан» , Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагорқызы» поэмаларының тақырыбы әрқилы болғанымен, олардың кезеңдік туынды саналуы.

Баллада жанры туып, жандана бастауы. Қ.Жармағамбетов,С.Мәуленов, А.Шамкенов, Қ.Бекқожиндердің балладаларының адам құдіретін табиғатпен қарым-қатынаста бейнелеуімен ерекшеленетіні.

Ақындар табиғат лирикасын көп жазып, олардың көркемдік бояуы ажарын таба бастауы.Сатиралық поэзияның дамуы, оған А.Тоқмағамбетовтің елеулі үлес қосуы, сатира жанрының тұрақты авторына айналуы.

Қазақ прозасының бұл кездегі елеулі туындылары С.Мұқановтың «Сырдария» (1948),Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953) романдарының жанрдың сапасын көтерудегі табыстары. Осы тұста прозаға С.Шаймерденов,З.Қабдолов, Б.Соқпақбаев,Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, т.б. жас жазушылардың келіп, өздерінің әңгіме, повесть, очерк, романдарымен сапалық өзгерістер әкелуі.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылып бітуі, 1959 жылы Лениндік сыйлық алуы. Тарихи жанрды терең меңгеру С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романдарына қатыстылығы.

Деректі прозаның көптеп жазылуы.Әскери өмірді жетік білетін Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсеновтердің «жорық естеліктерін» қағазға түсіре бастауы.

Соғыстан кейінгі жазылған пьесаларда соғыс пен бейбіт құрылыстың негізгі өзекті тақырыпқа айналуы. М.Әуезовтің батырлыққа, патриотизмге үндейтін «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасының уақыт талабынан туғаны.

Қазақ драматургтерінің соғыстан кейінгі жылдарда тарихи тақырыпты игеруде сәтті қадам жасауы. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», С.Мұқановтың «ШУәлиханов» пьесаларында қазақ халқының ардагер ұлдарының бейнеленуі.Соғыстан кейінгі жылдарда жазылған пьесаларда «тартыссыздық теориясының», «тігісін жатқыза» баяндау салқынының сезілетіні.

Соғыстан кейінгі он төрт жыл ішінде әдебиеттану ғылымы мен сынын өркендетуге М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,Қ.Мұхаметханов, Е.Ысмайылов,М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдардың қосқан үлесі.


  1. 1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Дәстүр мен жаңашылдық.Түр мен жанрдағы ізденістер. Әдебиеттегі саннан сапаға мән беріле бастауы. Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігін көркемдік жағынан зерттеп, қаһармандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс.Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым»(1947),Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал» (1963), Ә.Шәріповтің «Ормандағы от», ҚҚайсеновтің «Жау тылында» (1967) атты публицистикалық толғау,роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Сайнның «Жорық жолдары» (1970) , Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін»(1973),Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»(1970), «Ақиқат пен аңыз»(1976), Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл»(1967), т.б. алуан жанрдағы туындылардың көбеюі. Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»(1967), Н.Ғабдуллинің «Жігер»(1983), М.Мағауиннің «Бір атаның балалары», Д.Исабековтің «Біз соғысты көргеміз жоқ»,С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесть-романдарында, Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді» (1963), Ө.Нұрғалиевтің «Соғыстың соңғы жазы»(1978-1984),т.б. поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс табуы.

Бұл жылдарда жарияланған экология мәселелерінің жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастауы.Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы Т.Ахтановтың «Дала сыры»(1968),»Боран»(1968), Қ.Жұмаділовтің «Саржайлау»(1978), «Сәйгүліктер»(1984), С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Д.Исабековтің «Гауһартас», С.Шаймерденовтің «Селдің екпіні»(1977),З.Шашкиннің «Сенім», І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», т.б. шығармаларындағы көрінісі. 1960-90 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың «Ақбозат»(1962),»Кертолғау»(1973),»Тұлпарлар тағдыры»(1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдырының арқау етілуі.

Қазіргі прозада лирика мен эпиканың,реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуі,дерек пен ойдан шығарудың түйіндесіп жатуы. Ә.Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық»(1964), «Махамбеттің жебесі»(1960),О.Бөкеевтің «Қамшыгер»(1970), «Ән салады шағылдар»(1978), Т.Әбдіковтің «Ақиқат»(1978),С.Елубаевтың «Ойсылқара»(1972), Т.Жармағамбетовтің «Соңғы хат» (1974),Д.Исабековтің «Қарғын»(1980), «Тіршілік»(1975), Ә.Кекілбаевтің «Дала балладалары»()1967, «Шыңырау»(1982), М.Мағауиннің «Көкмұнар»(1972) жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістердің байқалуы.

Ұлттық поэзия арсеналының жаңа көркемдік бояумен молыға түсуі: Ә.Тәжіьаев, «Таныс дауыстар»(1984), О.Сүлейменов «Әр күн – арайлы таң»(1986), С.Мәуленов «Жапырақтар жанады»(1964),Т.Айбергшенов «Арман сапары»(1963), «Аманат»(1975),Ә.Ахметов «Тырау-тырау тырналар»(1974), К.Салықов «Жезкиік»(1973),Ж.Нәжімеденов

«Темірқазық»(1982), К.Ахметова «Жапырақ-жаздың жүрегі» (1974), С.Жиенбаев «Іңкәр дүние»(1981),Ж.Жақыпбаев «Саратан»(1979),т.б.

Бұл жылдарда сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастауы.Қ.Бекқожиннің «Сұңқар туралы жыр», Х.Ерғалиевтің «Аңыз ата», «Жылдар,жылдар», Т.Молдағалиевтің «Жер», Ж.Молдағалиевтің «Мен -қазақпын», Ә.Тәжібаевтың «Портреттер», М.Әлімбаевтың «Менің Қзақстаным»,Т.Бердияровтың «Жер мен адам», Қ.Мырзалиевтің «Данышпан», М.Мақатаевтың «Өмір дастан», «Аққулар ұйықтағанда», ТАйбергеновтің «Жүрекке айтылған өлеңдер», т.б. шығармалар жататындығы.

Баллада жанрындағы Қ.Жармағамбетовтің үрдісін М.Шахановтың дамытуы. Оның «Сейхундария», «Махаббатты қорғау», «Сенім патшалығы», «Жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан», т.б. балладаларының жанрдың ішкі қуатының молдығын байқататыны.

Қазіргі прозада әлеуметтік, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылардың бірегей шешуге ұмтылыстары. Оған Т.Ахтановтың «Боран»,Ә.Әлімжановтың «Көгілдір таулар»(1982),О.Бөкеевтің «Мұзтау»(1975), «Ән салады шағылдар» (1973) жататыны.

Колхоздастыру, кулактарды тап ретінде жою драмасы.1932-33 жылдардағы ашаршылық трагедиясының, сталиндік репрессияның Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі», Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ, соның іздері», Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» шығармаларында реалистікпен бейнеленуі. Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», Қ.Мұхаметжановтың «Біз періштеміз бе?» атты сахналық туындыларында тереңдетілуі.

Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастағаны. Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында»(1984), Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген»(1983), І.Есенберлиннің «Қаһар»(1969), «Алмас қылыш»(1971), «Жанталас»(1973), «Алтын орда», Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң» (1963), «Тар кезең»(1965), «Жүнісовтер хикаясы»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»(1971), Ә.Кекілбаевтің «Үркер»(1981), «Елең-алаң» (1984),Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш»(1974), «Тағдыр»(1989), Д.Досжановтың «Жібек жолы» т.б. шешімін табуы.

Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсуі. Қ.Мұхаметжановтың Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»Т.Ахтановтың «Ант», С.Жүнісовтің, Д.Исабековтің пьесаларының сахна мәдениетін көтеруге қосқан

үлесі.


Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сынының дами түсуі. Ғ.Мүсіреповтің «Суреткер парызы»(1970), Ғ.Мұстафин «Ой әуендері», С.Қирабаев «Шындық және шығарма»(1981), «Талантқа құрмет»(1988), Ә.Нұрпейісов «Жүрегі тола жыр еді»(1978), т.б. жинақтар.
2-тақырып. Сәкен Сейфуллин.

Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы.

«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңа заман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылы бейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы.

С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның «Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз» және т.б. өлеңдерінде көрініс табуы.

Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өз туындыларында еңбек адамының бейнесін «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.

Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.

Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».

«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынуы.

«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызыл аттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақын бейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.

«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың бейнелері.

Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстың нанымды шықпауыцндағы олқылықтар.

«Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі.

«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы.

«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.
3-тақырып. Бейімбет Майлин.

Қазақ әдебиетінен Бейімбет Майлиннің алатын орны. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Қаламгердің жас кезінде жазған «Байлыққа», «Мал», «Жазғы қалып» өлеңдерінде кедей бұқараның мұң-мұқтажын жырлауы.

Ақынның жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазған «Рәзия қыы» (1920), «Зәйгүл» (1921), «Жігіт пен қыз», «Қашқын келіншек» өлеңдерінде әйел зарын паш етуі.

Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Бұл құбылыстардың «Мырқымбай», «Қазақ туралы кім не дейді», «Кедейдің кейістігі», «Әйт,шу,ала атым», «Қара сор» өлеңдерінде көрініс табуы. Осы жүйелі ойдың «Мырқымбай» атты пэмаға ұласуы.

Бейімбеттің лирикалық поэмалары. Олардың көлемінің шағын, оқиғасының тартымды келетіні.

«Сағындық»(1927), «маржан»(1923), «Кемпірдің ертегісі»(1927), «Қанай»(1928) поэмаларында әйел теңдігін , 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты , азамат соғысы жылдарының кейбір оқиғаларын суреттеуі.

«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.

«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.

Бейімбеттің қазақ аулын колхоздастыруға көзқарасы. «Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы» әңгімелерінде кедейлерді қоғамдық жұмысқа ұйымдастыру айтылса, «Арыстанбайдың Мұқышы», «онбес үй», «Қырманда» әңгіме, новеллаларында колхозға қарсы адамдарды сипаттауы.

«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.

«Азамат Азаматыч» (1934)романы. Романда қазақтығ оқыған зиялыларының суреттелуі.Реалист қаламгердің Азамат Азаматыч бейнесінен адам баласына кемшілік пен қателесу тән екендігін көрсетуі. Романдағы айнымалы, азғын әйел Мәриямның, Бұрынғы ақтың офицері Жүністің және Рахым Шегіров образдарының өмір шындығына сай суреттелуі. Романның толық аяқталмай қалғандығы.

Б.Майлиннің драматургиялық жанрда өнімді еңбек етуі. «Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» туындыларында азамат соғысын суреттеуі.

«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.

4-тақырып. Ілияс Жансүгіров.

І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып, барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресе поэзия саласындағы жетістігі.

Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.

Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным» өлеңдері.

Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғат көріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» өлеңдерінд суреттеуі.

Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала» жырларын шығаруы.

«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылы достыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалық өлеңнің озық үлгісі екендігі.

Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».

І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңа туған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» туындыларын жазуы.

«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.

«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.

Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты фельетондар жинағы.

«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан, Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпей қалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.

«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936) пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалық образ дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.

Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин» шығармаларын аударуы.
5-тақырып. Жамбыл Жабаев.

Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.

Қазақтың халық поэзиясындағы дәстүрлерді дамытудағы Жамбылдың орны. Қазан төңкерісінен кейіңн Жамбыл шығармашылығының қайта гүлденуі. Соған байланысты «Менің өмірім», «Менің бақытым» дастандары.

Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.

Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.

«Өтеген батыр» дастаны. Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер.

«Сұрагншы батыр» поэмасы.Тарихи деректің көркемдік шындықпен жанасуы.
6-тақырып. Иса Байзақов.

Иса Байзақовтың шығармашылық өмір жолы.Өлеңді суырып салып та, жазбаша да шығаратыны.

Исаның әншілік,сазгерлік, термешілік өнері. Оның «Жастар маршы», «Ақайша», «Жаңа өмір», «Ұлы заң», «Сұр желгенше» ән-өлеңдері.

«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.

«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.

«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

«Он бір күн, он бір түн» (1938) поэмасының суырыпсалмалық талантының жарқын көрінісі екендігі. Ұшқыш Марина Раскова ерлігі.
7-тақырып. Мағжан Жұмабаев.

Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. Қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрін ілгері дамыта отырып, ағартушылық бағытта «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.

Қазақ әйелдерінің тағдырын жырлайтын «Орамал», «Тілегім», «Алданған сұлу» өлеңдері.

Саяси-әлеуметтік сарындағы «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.

Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.

Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.

Мағжанның балаларға арнап өлеңдер, оқу құралдарын шығаруы. «Бастауыш мектептегі ана тілі»(Ташкент,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні»(Москва,1925) , «Педагогика» (Орынбор,1923) , «Сауатты бол»(Москва, 1926) оқулықтары мен «Аққала», «Әже», «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдері.

Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.

Мағжан аудармалары.

Мағжан поэзиясының өлең құрылысы. Қазақ өлеңін байытудағы жаңалықтары.


8-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов.

Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы. 1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.

«Ақбілек»(1927-28) романы. Ақбілек бейнесі.Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.

«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақ әйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.

Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.

Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет