НЕГІЗГІ БӨЛІМ «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша кәсіби лексика. Терминдік норма
Кәсіби лексика – табысты жұмыс істеу кепілі.
Кәсіби лексиканың негізін
анықтаудағы мәтіннің лексикалық құрамын сараптау. Кәсіби лексиканы
қолданудағы пікірталастар. Ғылыми тақырыпты құрастыру және кәсіби
лексиканы қолданудағы мәселелер. «
Халықаралық қатынастар» мамандығы,
Халықаралық қатынастар саласында әңгімелесу, пікірлесу. Терминдік норма.
Оған тән белгілер. Термин қолдануға қойылатын нормативті талаптар.
Кәсіби
лексика: жалпықолданыстағы сөздер, жалпығылыми және терминологиялық
лексикалар. Жалпыланған және дерексізденген мағынадағы терминдерді қолдану.
Өзге тілдерден енген сөздердің таралуы. Жалпыланған және дерексізденген
мағынадағы терминдермен жұмыс. Терминологиялық және терминологиялық
емес мағынадағы сөздердің межесі.
Халықаралық қатынастар
саласы бойынша
кәсіби лексикаға тиесілі негізгі терминдер бойынша мәтіндерді құрастыру.
Гуманитарлық бағытта жиі қолданылатын ғылыми ұғым атаулары мен
арнайы лексиканың қолданылу аясын, жазба нұсқаларын кәсіби мақсатта игеріп,
жұмсай білудің өзектілігі. «Ұғымдар тарихы» – тарихи және халықаралық
қатынастар формасы. Халықаралық қатынастарда қазақ тілінде ауызша және
жазбаша түрде сапалы жеткізілуін қамтамасыз ететін тәсілдерді меңгеру. Қазақ
тіліндегі немесе қазақ тілінде жеткізілуі тиіс халықаралық қатынастар, сыртқы
саясат мәтіндерінің мазмұнын ашып, талдай білу дағдыларын жетілдіруді
ұйымдастыру. Кәсіби қазақ тілінің халықаралық қатынастар маманының
коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырудағы орны. Халықаралық
қатынастар, сыртқы саясат саласындағы ұғымдар мен түсініктердің қазақ тіліндегі
кәсіби баламаларының жаңа қолданысы. Қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми-іскери
лексикасы мен стилистикасын меңгерудің маңызы.