Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


Халықаралық  келіссөздерді  жүргізу  әдісі  және  көпжақты  келісімдерді



Pdf көрінісі
бет205/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak
Антикалық саяси ойлар, Международные отношения bak, практическое задание5
Халықаралық  келіссөздерді  жүргізу  әдісі  және  көпжақты  келісімдерді 
ресімдеу үрдісі 
Бүгінгі  күні  халықаралық  мәселелерді  шешудің  құралы  ретінде 
халықаралық  келіссөздердің  рөлінің  өсуі.  “Келіссөз”
 
ұғымының  ежелгі  кезеңде 
тікелей сауда-саттық мәселесімен байланысты болуы. Халықаралық құқық туралы 
сөздіктегі «келіссөз» ұғымының анықтамасы.  Келіссөздер – адамдар арасындағы 
көптеген  өзара  әрекет  түрлерінің  бірі  ретінде.  Келіссөздерге  ғана  тән  негізгі 
сипаттамалар. 
Келіссөздердің 
ерекшеліктері. 
Келіссөздер 
топтамасы. 
Келіссөздердің  басты  қызметі.  Келіссөздерді  алдын-ала  жобалау  және 
келіссөздердің  дайындық  кезеңдері.  Келіссөздерді  ұйымдастыру  тәсілдері. 
Келіссөздерде  қатысушыларды  отырғызу  мәселесін  талқылаудың  маңыздылығы. 
Халықаралық  келіссөздерді  жүргізу  тілін  айқындау  мәселесі.  Келіссөздер 
барысындағы сауал қоя білудің мәні мен қызметі.  Әріптестерден ақпарат алудың 
маңыздылығы.  Халықаралық  келіссөздерді  жүргізу  тәртібінің  негізгі  ережелері. 
Қазіргі кезеңдегі халықаралық келіссөздер тәжірибесінде көпжақты келіссөздерде 
шешім қабылдаудың екі тәсілін сараптау. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс 
берудің  арнайы  тәртібі.  Халықаралық  келіссөздердің  қорытынды  құжаттарының 
түрлері. Халықаралық шарттар құқы жөніндегі Вена конвенциясы.  Халықаралық 
тәжірибеде  кездесетін  халықаралық  шарттардың  атаулары.  Қатысушы 
тараптардың  шеңберіне  байланысты  халықаралық  шарттардың  жіктелуі. 
Халықаралық  шарттардың  нышаны  мен  құрылымына  байланысты  бөлінуі.  2005 
ж.  30  мамырдағы  «Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шарттары  туралы 
заңы». Халықаралық келісімдердің құрылымы. Халықаралық шарттарды ресімдеу 
сатылары.  
Халықаралық  келісімге  қол  қою  өкілеттігі.  Келісімге  қол  қоюдың 
қатысушылары. Көпжақты келісімге қол қою тәртібі. Келісім-шартты парафирлеу. 
Көпжақты  келісім-шарттарға  қосылу.  Жеке  шетел  мемлекеттердің  көпжақты 
келісім-шарттарды  ратификациялау  және  денонсациялау  заңдары.  Көпжақты 
келісім-шарттың күшіне енуі. Келісім-шарттың күшінің мерзімі. Келісім-шарттың 
пролонгациясы. Көпжақты келісім-шарттың негізгі мазмұны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет