Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында және соғыс барысындағы дипломатиялық күрес (1900-1918 жж.) ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзілік саясатты айқындайтын негізгі
халықаралық қарама-қайшылықтар. Ағылшын-герман қарама-қайшылықтарының
үдей түсуі. 1904 ж. ағылшын-француз келісімі 1907 ж. Орталық Шығыста ықпал
ету аймағын бөлісу жөніндегі ағылшын-орыс келісімі. Антантаның немесе Үштік
келісімнің құрылуы.
Ағылшын-герман теңіз бақталастығы. Босния дағдарысы және ұлы
державалар ұстанымдары. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ұлы
державалар арасындағы экономикалық және саяси қарама-қайшылықтар.
Италияның Жерорта теңізінде стратегиялық ұстанымын нығайту үшін күресі.
Балқан соғыстары және күштердің қайта топталуы. Осман империясында және
Болгарияда австро-герман одағы ықпалының күшеюі.
Әскери-саяси одақтардың мақсаттары мен міндеттері. Сараеводағы
оқиғалар және шілде дағдарысы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері және
сипаты. Соғысушы державалардың экономикалық мүмкіндігі, әскери күштері мен
стратегиялық жоспарлары. Қарама-қарсы одақтардың кеңеюі. Төрттік Одақтың
құрылуы. Жапонияның соғысқа кіруі. Лондон келісімі және Италияның Антантаға
қосылуы.
Соғыстан шығу үшін дипломатиялық күрес. АҚШ-тың соғысқа кіруі.
В.Вильсонның «14 пункті» бағдарламасы. Сепараттық Брест-Литовск бітімінің
бекітілуі және оның халықаралық салдары. Азамат соғысының басталуы және
Антанта
елдерінің
Ресейге
басқыншылығы.
Австро-Венгрия,
Түркия,
Болгарияның соғыстан шығуы. Компьендік уақытша бітім.