61
Халықаралық жағдайдың түзелуі және БҰҰ жағдайы. Халықаралық
ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудағы БҰҰ рөлі.
Еуропадағы бәсеңдік. Жалпыеуропалық (Хельсинкі) үдеріс. 70-ші
жылдардағы халықаралық шиеленістің бәсеңдетілуі бейбіт қатар өмір сүрудің
маңызды түрлерінің бірі ретінде. КСРО-ның батысеуропалық елдермен
перифериялық ынтымақтастық саясаты. Кеңес-француз қатынастары. Кеңес-
британ қатынастары.
Еуропадағы қатынастардың реттелуі. В. Брандт және «жаңа шығыстық
саясаттың» басталуы. 70-ші жылдардағы герман мәселесі. ГФР және КСРО, ГФР
және ГДР арасындағы келісімдер. Хальштейн доктринасынан бас тарту. Соғыстан
кейінгі Еуропа шекараларының батысеуропалық елдер тарапынан мойындалуы
және Шығыс Еуропадағы саяси бәсеңдеушілік. Батыс Берлинге қатысты
төртжақты келісім.
Варшава келісім-шарты ұйымының барлық еуропалық елдерге жалпы
еуропалық кеңес шақыру туралы үндеуі. Финляндияның рөлі. Еуропадағы
ынтымақтастық пен қауіпсіздік туралы Кеңеске дайындық және оның өткізілуі.
Халықаралық өмірдегі жаңа ұғымның – Жалпыеуропалық үдерістің пайда болуы.
Еуропадағы қауіпсіздік жіне ынтымақтастық жөніндегі Кеңес.
ЕЫҚК–нің Қорытынды Актісі, оның негізгі принциптері. ЕЫҚК қызметінің
«үш қоржыны».
Бейбіт өмір сүрудің жалпыдемократиялық принциптері. Хельсинки
форумының халықаралық маңызы. ЕЫҚК шеңберіндегі кездесулер мен
келіссөздер. ЕЫҚК мүше-мемлекеттері өкілдерінің Вена және Париж қаласында
өткен кездесулері.
Достарыңызбен бөлісу: