Білім беру технологиясы
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің заманауи
үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері
басшылыққа алынады. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл
үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды
факторлар есепке алынып, соған сәйкес
белсенді оқыту әдісі,
жеке-бағдарлы
оқыту әдісі, сыни ойлау
әдісі, жобалық оқыту әдісі,
ақпараттық әдіс, түсіндіру
әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, іскери ойын әдісі
сияқты т.б. әдіс
түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.
|