Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


DК 3207 – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА



Pdf көрінісі
бет132/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak
Антикалық саяси ойлар, Международные отношения bak, практическое задание5
 DК 3207 – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Авторлары: 
Әліпбаев А.Р. 
– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
Чукубаев Е.С.
 – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Пікір жазғандар:
 
Каратаева Л.Р.
 – тарих ғылымдарының кандидаты,  ҚР Президенті 
жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары 
Нұрдаулетова С.М. –
 тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
“Дипломатиялық  құжаттама”  пәні  “5В020200  –  халықаралық  қатынастар” 
мамандығының  типтік  оқу  жоспарының  Мемлекеттік  стандартына  сәйкес  осы 
мамандықта  оқитын  студенттер  үшін  арнайы  негізгі  пән  болып  табылады.  Пән 
қолданбалы сипатқа ие және студентерді дипломатиялық қатынас хаттарын және 
дипломатиялық  құжаттарды  жазу  үшін  дипломаттардың  кәсіби  қызметіндегі 
тәжірибелік дағдысын қалыптастыруға бейімдейді.  
Пәнді игеру барысында студент:  
дипломатиялық  құжаттар  екі  елдің  сыртқы  саяси  мекемелері  арасындағы, 
шетмемлекеттердің  дипөкілдіктері  мен  қабылдаушы  елдің  мемлекеттік 
мекемелері  арасындағы,  мемлекеттердің  дипломатиялық  өкілдіктері  мен 
халықаралық  мемлекетаралық  ұйымдардың  басқарушы  органдарымен,  шетелдік 
дипломаттар  мен  қабылдаушы  елдің  мемлекеттік  және  қоғам  қайраткерлері 
арасындағы 
байланыс 
көзі 
болып 
табылатындығы, 
сонымен 
бірге 
дипломаттардың  ішкі  ведомстволық  хат-хабар  жазысу  ұғымын  білдіретіндігі 
жөнінде 
түсінігі болуға тиіс;
  
негізгі  дипломатиялық  ұғымдар  мен  терминологияны,  мемлекеттер  және 
халықаралық  қатынастардың  басқа  да  субъектілері  арасындағы  қатынас  көздері 
болып  табылатын  ресми  құжаттарды,  мемлекеттің,  мекемелер  мен  ұйымдардың 
сыртқы саясат саласындағы ішкі құжаттарын  
білуге тиіс

дипломатиядағы негізгі қағидаларға, ережелер мен өлшемдерді дайындауға, 
ресімдеуге  және  дипломатиялық  құжаттар  мен  қатынас  хаттарымен  іс  жүргізуге 
үйренуі тиіс;
 
дипломатиялық  құжаттаманы  ресімдеуге  және  жазуға  қойылатын  талаптар 
мен өзіндік ахуалға сәйкес студенттерде дипломатиялық құжаттарды құрастыруға 
дағдылануы тиіс.
 


 
 
81 
дипломатиялық құжаттар мен қатынас хаттарының  типтерін және түрлерін 
саралауға,  дипломатиялық  құжаттардың  құрылымын
 
айқындауға
  құзыретті 
болуы тиіс. 
Сондай-ақ  пән  көлемінде  студенттерге  ақпараттық-талдау    жұмыстарының 
әдістемесі  жөнінде,  ақпараттық  базаны  құрастыру  тәсілі  және  онымен  жұмыс 
жасау, ақпараттық-талдау және сараптау құжаттарын жазу жөніндегі негізгі білім 
беріледі. 
Пәннің  пререквизиттері:
  “Дипломатиялық  және  консулдық  қызмет”, 
“Қазақстан  Республикасының  консулдық  қызметі”,  “Дипломатиялық  протокол 
және этикет”. 
Пәннің  постреквизиттері: 
“Көпжақты  дипломатия”,  “Халықаралық 
қатынастардың қазіргі мәселелері”. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет