Қазақстан
республикасының
халықаралық
қоғамдастыққа
кіруі.
Қазақстанды басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар тарапынан саяси-
дипломатиялық тану үрдісі. Қазақстан Республикасының сыртқысаяси
тұжырымдамасының қалыптасуы. ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамалық
негізі, қағидалары және негізгі бағыттары.Қазақстан Республикасы сыртқы
саясатының ерекшеліктері: көптармалық пен тепе-теңдік.Қазақстанның ұлттық-
мемлекеттік мүдделері. Қазақстанның сыртқы саясатының сыртқы экономикалық
бағыттары. Экономикалық және әскери-саяси мүдделері және Қазақстанның
потенциалы. Халықаралық проблемалардың ғаламдануы.
Пәнді оқытудың басты мақсаты ретінде студенттерде Қазақстан
Республикасының қазіргі сыртқы саясатының мәнің елдің ішкі модернизация
міндеттерін сәйкестендіріп ойлау дағдыларын қалыптастыруды атап өтеміз. Пәнді
оқыту негізгі және арнайы мақсаттарды ала тартады:
курстың мәселелеріне байланысты отандық және шетелдік
басылымдармен таныстыру;
қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық өміріндегі оқиғалар
мен жағдайлар, фактілер туралы білімді кеңейту, оларды жүйелеу;
сыртқысаяси бағыттың ең маңызды бағдарларын оқыту;
қазақстандың дипломатияның шет елдер мен әлем аймақтарына
қатысты қызметінің ерекшеліктерін анықтау;
халықаралық қоғамдастықта Қазақстанның рөлі мен орнын айқындау;
ҚР сыртқы саясатының өзекті құжаттарын білу;
ҚР базистік екіжақты және көпжақты келісімдерін білу;
қазақстандық жобалар мен бастамаларының халықаралық жүзеге
асырылу нәтижелерін талдау.
«ҚР сыртқы саясаты» пәнінің оқыту объектісі қазіргі халықаралық
қатынастар жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқысаяси бағыты
болып табылады.