Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


Қазақстанның  Орталық  Азия  және  Закавказ  республикаларымен



Pdf көрінісі
бет181/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak

 
Қазақстанның  Орталық  Азия  және  Закавказ  республикаларымен 
қарым–қатынастары 
Орталық  Азиядағы  Қазақстанның  орны  мен  рөлі.  Орталық  Азия  аймағы 
елдерімен  сыртқы  саясат  бағыттарын  анықтау.  ОА  елдеріндегі  экономикалық 
реформалардың  темпі  мен  деңгейлерінің  әр  түрлілігі.  Ынтымақтастықтың 
құқытық  келісімдік  базасы.  Екі  жақты  сауда-экономикалық  ынтымақтастықтың 
басты  бағыттары.  Үш  мемлекеттің  Кедендік  одағы.  Душанбе  саммиті  және 
“ОАЭҚ-ның  интеграциялық  дамуының  стратегиясы”.  Орталық  Азиядағы 
қауіпсіздік мәселесі. 
Қазақстанның  Өзбекстанмен  қатынасы.  Қазақстан  мен  Өзбекстан  Ұлы 
Жібек  жолын  қайта  қалпына  келтіруде  және  Еуропа–Кавказ–Азия  (ТРАСЕКА) 
транспорттық  коридорын  пайдалану.  Қазақстан  дипломатиясы  және  екі  ел 
арасында 
мемлекеттік 
шекараны 
делимитациялау.Өзбекстандағы 
қазақ 
диаспорасы.  
Қазақстанның  Қырғызстанмен  қатынасы.  Екі  жақты  қатынастардың 
келісімдік-құқықтық  негізі.  Екі  жақты  ынтымақтастықтың  принциптері, 
бағыттары  және  кезеңдері.  Сауда-экономикалық  және  ғылыми-техникалық 
байланыстар.  Шу  және  Талас  өзендеріндегі  су-шаруашылық  құрылыстарын 
мемлекет  аралық  пайдалану.    Су-энергетикалық  консорциумын  құру  идеясы. 
Әскери 
саладағы 
ынтымақтастық. 
Аймақтағы 
экологиялық 
қауіпсіздік.Гуманитарлық және мәдени салалардағы біріккен қимыл. 
Қазақстан  және  тәжік  мәселесі.  Қазақстанның  тәжікаралық  келіссөздердің 
және 
азаматтық 
соғысты 
тоқтатылуындағы 
рөлі. 
Қазақстан-тәжік 
қатынастарының  саяси-құқықтық  негізі.  Әскери  саладағы  ынтымақтастықтың 
орны және шекараларды қорғау туралы мәселе. Тәжік-ауған шекарасын қорғауға 
Қазбаттың  қатысуы.  Қазақстанға  Тәжікстан  мен  Ауғанстаннан  босқындардың 
келуі мәселесі.Тәжікстан және Ауғанстандағы жағдайды реттеу. 
Қазақстанның  Түркменстанмен  қатынасы.  Екі  жақты  қатынастардың 
принциптері  мен  басты  бағыттары.  Екі  жақты  ынтымақтастықтың  келісімдік-
құқықтық  негізі.  Мемлекеттік  шекара  делимитациясы  туралы  және  оны  бірігіп 
қорғау мәселесі. Аралдың экологиялық жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша 
күштерді біріктіру. Екі жақты қатынастардағы Каспий мәселесі.  
Қазақстан  және  Закавказье  республикалары.    Әзербайжан,  Грузия  және 
Арменияның  рөлдері.  Қазақстанның  Еуроазиялық  көліктік  жолды  құруға 
қатысуы. Транскавказдық транспорттық коридордың маңызы. 


 
 
107 
Қазақстан  мен  Әзербайжанның  экономикалық  және  саяси  мүдделері.  Екі 
жақты  қатынастардың  келісімдік-құқықтық  негізінің  қалыптасуы.  Екі  ел 
арасындағы  экономикалық  ынтымақтастықтың  деңгейі.  Энергоресурстарды 
тасымалдау мен мұнай газ саласындағы ынымақтастық.  
Мұнай  газ  саласындағы  ынтымақтастық,  қазақстан  мұнайын  Грузияның 
қара  теңіздік  порттарына  және  Джейхан  түрік  портына  тасымалдау  мәселесі. 
Қазақстан  және  «Баку-Тблиси-Джейхан»  жобасы.  Каспий  теңізінің  құқықтық 
статусын анықтаудағы екі елдің ұстанымы. Мәдени ынтымақтастық.  
Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы қатынастар. 
Экономикалық  ынтымақтастықтың  дамуы.  Мәдениет,  білім  беру,  денсаулық 
сақтау, қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастық. 
Армениямен  өзара  қарым-қатынасындағы  Қазақстанның  мүдделері. 
Орталық  Азиядағы  Арменияның  сыртқы  саясаты.  Өзара  қатынастардың  дамуын 
тежейтін  факторлар.  Сауда-экономикалық  және  гуманитарлық  серіктестік. 
Қазақстандағы армяндық диаспораның рөлі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет