50
HZHT 2205 – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫ
Көлемі 3 кредит
Авторлар:
Байзакова Қ.Е.
– тарих ғылымдарының докторы, профессор
Идрышева Ж.Қ.
– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Пікір жазғандар:
Сұлтанов Б.Қ.
– тарих ғылымдарының докторы, Қазақ-Неміс университеті
халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты зерттеу институтының директоры
Макашева К.Н.
– тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық
университетінің профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәнінің бағдарламасы
мемлекеттік білім беру стандартының типтік оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес
«Халықаралық қатынастар – 050202» мамандығы бойынша құрастырылған. Курс
тақырыптары халықаралық қатынастар тарихының 1918-1990 жылдар кезеңіндегі
басты мәселелерді қамтиды.
Халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясат жөнінде толық білім
беру үшін пән мазмұны осы үдерістің басты кезеңдері мен даму заңдарымен қоса,
ірі аймақтар мен алдыңғы қатарлы әлем мемлекеттерінің сыртқы саяси
тарихының
басты
оқиғаларын
ерекше
атап
көрсетеді.
Мәліметтің
мазмұндамасында жүйелік, хронологиялық, географиялық және мәселелік
қағидалар қолданылған.
Бұл пәнді меңгеру аясында студент тиіс:
халықаралық қатынастардың тарихы және халықаралық қатынастардың
қазіргі жағдайы, әлемдік саясат дамуының негізгі тенденциялары мен оның
дамуының перспективалары туралы
түсініктері болуы
тиіс.
оқытылатын пәннің негізгі ұғымдары мен терминдерін; салыстырмалы
дипломатия тұрғысынан алғанда қазіргі кезеңнің негізгі оқиғаларын; көпжақты
дипломатияның қағидаларын мен жетекші державалардың сыртқы саясатты
жүргізудің әдістері мен құралдарын б
ілуі тиіс.
қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың жетекші мәселелері бойынша
жиналған фактілік материалды ой елегінен өткізу; халықаралық қатынастар
саласында болып жатқан үдерістерді талдау; алып жатқан білімнің біртұтас
жүйесінің өзара байланысын талдау; геосаяси жағдайды; өзекті халықаралық
мәселелерге бейімделу; халықаралық қатынастар саласы бойынша алған
білімдерін сәйкес ведомстволарға ұсынымдама жасау үшін халықаралық
51
ынтымақтастық құрылымдарының жұмысын ұйымдастыруда білікті түрде
қолдана білу
біліктілігінің болуы тиіс.
қазіргі кезеңдегі әлемдегі аймақтардың тарихи-саяси картасын қолдану
дағдысы; халықаралық саяси үдерістердің, жалпыәлемдік демографиялық,
миграциялық, экономикалық, экологиялық үдерістердің, халықаралық қауіпсіздік
пен халықаралық қатынастардың өзара әсер механизмдерінің қолданбалы талдауы
мен болжауы
дағдысын меңгеруі тиіс.
халықаралық қатынастар дамуының логикасы мәселесінде, мемлекетаралық
қатынастарға ықпал ететін халықаралық қатынастар дамуының факторларын
анықтауда
құзыретті болуы тиіс.
Пререквизиттері: "
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заманғы тарихы
және дипломатиясы", «Шығыс елдерінің тарихы және дипломатиясы»,
"Дипломатиялық және консулдық қызмет", «Жаңа кезеңдегі халықаралық
қатынастар тарихы».
Постреквизиттері:
«Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі»,
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», «Көпжақты дипломатия».
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихының» бағдарламасы 1992
жылдан бастап оқу үдерісі кезінде мақұлданған бірнеше басылымдарға
негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: