Программа развития Жамбылской области


-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.)



бет76/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101
2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Аймақта электроэнергияның генерациясын экологиялық таза және жаңартылған көздер арқылы дамытуға мүмкіндік тудыратын климаттық және географиялық жағдайлары бар, жел, күн және гидро-электро станцияларының құрылысы тиімді. «Жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам өсе бастайды және дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда альтернативтік энергетика технологияларын пайдалану электр қуатын өндіруді үнемдеуге мүмкіндік береді.
2014 жылдың желтоқсанында "Vista International" ЖШС-і компаниясымен «Қордай ЖелЭС-21» 11 жел қондырғысы (әрқайсысы 1 МВт-тан) іске қосылды. Жалпы қуаттылығы 11 МВт-ты құрайды. 2015 жылға жоспарланған өндіріс көлемі шамамен 48,9 млн.кВтс құрап отыр.
Сонымен қатар, компаниямен ағымдағы жылдың соңына дейін станцияның қуаттылығын 21 МВт-қа дейін артыру жоспарлануда.
2015 жылы жылдық қуаты – 18 МВт құрайтын Меркі ГЭС-ның, бірінші кезекте жылдық қуаты – 100 МВт болатын Жаңатас ЖЭС-ның, Жамбыл ауданындағы бірінші кезектегі жылдық қуаты – 24 МВт болатын күн электростанциясының құрылысы жоспарлануда, 2015-2016 жылдары пайдалануға беру көзделуде.
Тараз қаласында РК-4 аумағында, электроэнергия өндіру бойынша жылдық қуаты 50 МВт және жылу энергиясы бойынша 40 Гкал болатын, жалпы сомасы - 7,4 млрд. теңгені құрайтын когенерациялық жылу электростанциясының (КГЖЭС) құрылысы басталды.
Электроэнергетиканың дамуындағы келесі оңтайлы бағыттардың бірі - энерготапшылықты азайту мақсатында тұрғын-үй шаруашылығына, өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына энерго үнемдеуіш технологияларды енгізу болып табылады.
2015 жылы «Fonroche Energie» француз компаниясымен Т.Рысқұлов ауданында қуаттылығы 24 МВт жететін күн электр станциясының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Aquila Solar» ЖШС-і құрылды. КЭС жылдық өнімділігі 35 000 тұрғын тұтына алатындай, 40 млн.кВт/сағ дейін жетеді. Жобаның бастапқы инвестициясы 9 250 млн.теңгеден астам соманы құрады.
Сондай-ақ, «Windhan» ЖШС-і Шу ауданында қуаттылығы 110 МВт «Шоқпар» ЖЭС құрылысы бойынша инвестициялық жобасын іске асыруды жоспарлауда. Аталған жобаның инвесторы Нидерланды елінің «EnergyEmissions BV» компаниясы болып табылады. Жобаның құны 700 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылыстың бірінші кезеңінде 2017 жылға дейін инвестордың өз қаражаты есебінен және қарыз қаражаты есебінен (әрқайсысы 3 МВт болатын 36 жел генераторларының) құрылысы, екінші кезеңде 2020 жылға дейін ЖЭС қуаттылығын 250 МВт-қа дейін кеңейту (83 жел генераторлары) жоспарлануда.

Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет