Оқушылар үшке дейін санау арқылы үш топқа бірігеді.
1-топ. «Алғырлар» тобы2-топ.«Білімділер»тобы 3-топ.«Дарабоздар»тобы
(МК,Ұ)Ой қозғау. «Миғашабуыл»əдісі
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойады. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
«Сызықтық алгоритм» дегеніміз не? Есіңе түсір.
Үш достың жолдан дұрыс өтуі неге байланысты?
(1-сурет) Олардың іс- əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттауға бола ма?
Достардың бағдаршаммен жолдан өту алгоритмін сөзбен сипаттап бер.
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Басбармақ» əдісі бойынша бағалайды.
Жаңа сабаққадайындық
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, оқушылармен диалог жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша айтады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін,мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбын, мақсатын жəне бағалаукритерийлеріментаныстырады.