Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс əндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың əр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген əндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шəмші Қалдаяқов, Əсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторлардың əндерін ұсынған орынды («Армандастар»,
«Атамекен», «Өз елім» т.б.). Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.