15-практикалық сабақ. Сөз тіркестері және оны өңдеу функциялары Мақсат. Сөз тіркестерін енгізу және экранға шығару. Сөз тіркестерін өңдейтін функциялармен таныстыру.
Нәтиже:Программа құрып, жүргізіп сандық мәндер алу.
Әдістемелік нұсқау. Сөз тіркестері char типті бір өлшемді массив ретінде қарастырылады, яғни сөз тіркесі – нөлдік байтпен аяқталатын char типті бір өлшемді массив. Нөлдік байт – барлық биттері де нөлге тең байт, ол ´ \0 ´ символдық константасымен анықталады (тіркес соңы белгісі немесе нөл-терминатор). Сондықтан егер тіркесте k символ болса, онда массив сипаттауда k+1 элемент көрсетілуі тиіс.
Мысалы, char a[7] деген сипаттау тіркестің 6 символдан тұратынын, ал соңғы байт нөлдік екенін білдіреді. Си тіліндегі тіркестік (жолдық) константа – қос тырнақшаға алынған символдар жиыны. Мысалы, “Берілген тапсырма” тіркесі, оның соңына нөлдік байтты компилятор автоматты түрде өзі жазады.
Айнымалы мәні болатын сөз тіркесін сипаттау кезінде бірден көрсетуге болады, мысалы,