Программалау барысында процедураны пайдаланбауға бола ма? Процедураларды программа жазуда қолданудың қандай тиімді жақтары бар?



Дата21.09.2022
өлшемі28,03 Kb.
#150180
түріПрограмма
Байланысты:
Функциялар мен процедуралар


Функциялар мен процедуралар.



  1. «Процедура», «функция» ұғымдары саған таныс па?

  2. Оларды программада не үшін қолданады?

  3. Программалау барысында процедураны пайдаланбауға бола ма?

  4. Процедураларды программа жазуда қолданудың қандай тиімді жақтары бар?

  5. «Функция» дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?

  6. Функцияның математикада және өмірде маңызы қандай?

  7. Функцияның программадағы қызметі қандай?

Программаның орындалуы барысында бiр ғана есептеу жұмысын әртүрлi мәндер үшiн бiрнеше рет орындауға тура келедi. Осы бiр есептеу жұмысын программада бiрнеше рет қайталап жазбай, қажеттi кезiнде қолдану үшiн программаның жеке бөлігі ретінде жазып қоюға болады. Қандайда бiр алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзiне негiзгi программаның кез келген бөлiгiнен қатысуға болатын программаның жекелеген бөлiгiн iшкi программа деп атаймыз. Ішкі программа – бұл арнайы операцияларды орындау үшін қызмет ететін процедуралар мен функциялар.


Барлық программалау тілдеріндегідей Python-да да процедура мен функция бар. Олар стандартты және пайдаланушы өзі анықтайтын стандартты емес топтарға бөлінеді.
Стандартты функциялар мен процедуралар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала нақтыланған қызметші сөздермен белгіленеді. Ал стандартты емес функция мен процедураларды әрбір программалаушы өзі жаңа атау беру арқылы анықтайды.
Процедура мен функцияларды таныстыру үшін def қызметтік сөзі қолданылады (def – define – анықтау мағынасын береді). Программада процедураны пайдалану үшін процедураның атын нақты немесе параметрлермен бірге жазып шақырады, оны «процедураны шақыру нүктесі» деп атайды. Программа процедураның шақыруын оқыған кезде процедураның орындалуы басталады. Процедураның атынан кейін жақшалар қойылады. Мысалы, SUMMA() немесе толық жазылуы def SUMMA(). Процедураларды пайдалану программа кодын азайып, программаның оқылуын жеңілдетеді.
Процедура. Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген атау бойынша шақырып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедуралар параметрлі және параметрсіз болып бөлінеді.
Тапсырма
Процедуралар қандай бөліктегре бөлінеді? (Дұрыс жауаптарды таңда)

  • Графикалық

  • Параметрсіз

  • Функция

  • Ақпараттық

  • Параметрлі

  • Мәтіндік

Тапсырма
Процедура және функцияларды таныстыру үшін қандай қызметтік сөз қоладанылады?

  • cef

  • def

  • int

  • fuction

Тапсырма
Программада процедураны пайдалану үшін қалай шақырады?

  • Барлық программалау тілдеріндегідей

  • Процедураның подгрограммасы арқылы

  • Процедураның атын нақты немесе параметрлермен бірге жазып

  • Процедуралар мен функциялардың екеуімен де бірдей

Тапсырма
Процедура және функцияларды таныстыру үшін қандай қызметтік сөз қоладанылады?

  • cef

  • def

  • int

  • fuction

Тапсырма
Программада процедураны пайдалану үшін қалай шақырады?

  • Барлық программалау тілдеріндегідей

  • Процедураның подгрограммасы арқылы

  • Процедураның атын нақты немесе параметрлермен бірге жазып

  • Процедуралар мен функциялардың екеуімен де бірдей

Тапсырма
Айнымалының программаның барлық бөлімінде жұмыс істету үшін процедурада қандай қызметші сөзін пайдалануға болады?

  • def

  • int

  • global

  • for

Функция – программаның кез келген жерінде шектеусіз қолдануға болатын программа бөлігі. Функцияның анықтамасын былай нақтылауға болады.
Функция – программалау процесінде алдын ала таныстырылған атау бойынша шақырып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі. Функция үш бөліктен тұрады: атау, аргумент (параметр), функция денесінен тұрады.
Мысалы, қарапайым функцияны қарастырайық:
def testfunc (myname):
print('Salem, %s' % myname)
testfunc('Samal')
Бұл мысалда, testfunc – функцияны атауы, ал myname – оның аргументі. Функция денесі def қатарына кейінгі қатардан басталады.
Аргумент – функция жұмысына қатысатын арнайы айнымалы. Программаның орындалу барысында функция жұмысын аяқтаған соң, есептелген мәнді негізгі программаға қайтып алу керек. Функция жұмысын аяқтап, оның мәнін негізгі программаға қайтару үшін Return командасы қолданылады.
Тапсырма
Функция программаның кез келген жерінде шектеусіз рет қолдануға болатын программа бөлігіма?

Сұрақтар

    1. «Ішкі программа» дегеніміз не?

    2. Жергілікті айнымалы программаның қай бөлігінде қолданылады? 

    3. Процедураны программада қалай таныстырады? 

    4. «Параметрлі және параметрсіз процедура» дегеніміз не? 

    5. Процедураның жұмысын қалай түсіндірген болар едің? 

    6. Программалауда функцияның қандай қызметі бар? 

    7. Функцияны программада қалай таныстырады? 

    8. Return-ның қызметі қандай? 

    9. Функция мен процедура қызметіндегі негізгі айырмашылық қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет