Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Видеожазба
Scratch- анимациялық ертегілер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған жаңа программалау ортасы. Scratch-те программалар графикалық блоктардан тұрады. Блоктар 10 түрлі топтамаға бөлінген. Әр блок әртүрлі команданы орындайды. Блоктар топтамасы суретші палитрасына үқсас болғандықтан, блоктар палитрасы деп аталады. Scratch программалау ортасы х (көлденең) және у (тігінен) осьтері бар координаталық жазықтықтан тұрады.
Көрсетілім.
Енді осы ортада айнымалылармен жұмыс жасауды қарастырайық.
Айнымалы- компьютердің уақытша жадында қандай да бір мәнді сақтайтын орын. Айнымалы – Scratch-те белгілі бір ақпаратты сақтайтын ұяшық.Ол математикада белгісіз санды білдіреді. Айнымалы мәні өзгеріп отырады.
Айнымалыларды ойын жобаларын жасағанда ұпай сандарын санау барысында, есептеулерде, дұрыс, бұрыс жауаптарды көрсету мақсатында қолдана аламыз. Айнымалыларды құрып, жұмыс жасау үшін Деректер блогын қолданамыз.
Көрсетілім.
Scratch-те регистр маңызды рөл атқарады: ол бас және кіші әріптерді ажыратады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
Оқулық 10-бет «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескриптор:
-Интернеттен Scratch программалау ортасын жүктейді;
-программаны іске қосады;
-жоба жасауға қажетті фон мен кейіпкерді таңдайды.
ҚБ: жұлдызша
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық 10-бет «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескирптор:
-жобаға керекті айнымалыны құрады;
-сағат тілімен қозғалатын кейіпкердің скрипт құрады;
-үш тілде айтатыңдай скрипт құрады.
ҚБ: жұлдызша
|