(Graphical User Interface, GUI) 1970-ші жылдардың ортасында, Xerox Palo Alto Research
Center-де (PARC), Smalltalk ортасында жұмыс істейтін Alto және Star машиналары үшін
жасалған алғашқы жұмыстардан басталды. Кейде оны «визуальды интерфейс» немесе
«терезелі графикалық орта» деп атайды. Қазіргі заманауи жүйелердің кӛпшілігінде, мысалы,
Microsoft Windows
,
Mac OS
,
Solaris
,
GNU/Linux
,
NeXTSTEP
,
OS/2
,
BeOS
,
Android
,
iOS
,
Bada
,
MeeGo
жүйелерінде қолданушының графиктік интерфейстері пайдаланылған.
Қолданушының графиктік интерфейсі графиканы растрлық экран дисплейінде
қолдануға мүмкіндік береді. Графика экранда элементтердің нақты орнын кӛрсетеді,
ақпаратты берудің визуальды ортасы және кӛрнекі графика және форматталған мәтіндер
барлығы бірігіп «не кӛрсең соны аласың» (WYSIWYG - What you see is what you get)
мүмкіндігін береді.
Қазіргі қолданушылар компьютерді үйрену және жаңа программаларды меңгеру үшін
кӛп уақыт шығындамайды. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың кӛбінде
дерлік бір типтес қолданушы интерфейстері пайдаланылатындықтан, олар қолданушы үшін
бір мағынада қабылданады. Windows жүйесі осыған кӛмектеседі. Windows үшін жазылған
программалық жабдықтардың қолданушыға арналған интерфейсінің негізгі элементтері:
терезелер, мәзірлер, сұхбат терезелері, суретті батырмалар және т.б. болып табылады.
Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері программалық жабдықты құзу
кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен спецификацияларды
анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен жӛндеу секілді кезеңдерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: