Программалау технологиясы


- дәріс. Программалық жабдықтарға және оларды жобалаудағы бастапқы



Pdf көрінісі
бет19/136
Дата08.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#121875
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136
Байланысты:
Мукашев С Builder

 
5- дәріс. Программалық жабдықтарға және оларды жобалаудағы бастапқы 
мәліметтерге қойылатын талаптарды анықтау
 
Программалық жабдықтың ӛмірлік циклының негізгі кезеңдерінің бірі- есептің 
қойылуы кезеңі. Мұнда программалық жабдықтың орындайтын қызметі және программалық 
жабдыққа қойылатын талаптар анықталады. Бұл талаптар екіге бӛлінеді: 
-
функционалдық талаптар, яғни бұл болашақта жасалатын программаның қандай 
жұмыстарды, функцияларды орындайтынын анықтайды; 
-
эксплуатациялық талаптар, бұл болашақ программалық жабдық қандай жағдайларда 
жұмыс жасайтынын анықтайды. 
Программалық жабдықтарға қойылатын негізгі эксплуатациялық талаптарға 
тӛмендегілер жатады :
-
дұрыстығы, техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыс жасауы ; 
-
универсалдығы – кез-келген мүмкін жағдайларда дұрыс жұмыс жасауы ; 
-
сенімділігі – түрлі қателерден кейін дұрыс жауаптарды қайтара алуы; 
-
тексерілуі - нәтижелерді тексеру мүмкіндігі;
-
нәтиженің дәлдігі - нәтижелер ауытқуының берілген шамадан аспауы;
-
қорғалған болуы - ақпараттың құпиялылығын сақтай алуы; 
-
программалармен үйлесімділігі - басқа программалармен үйлесімді жұмыс жасау
мүмкіндігі; 
-
аппаратпен үйлесімділігі - кейбір құрылғылармен үйлесімді жұмыс жасау мүмкіндігі 

-
тиімділігі - техникалық ресурстарды аз және жылдам пайдалану мүмкіндігі ; 
-
бейімділігі - түрлі жағдайларға байланысты жасалатын модификацияларға 
бейімділігі; 
-
қайта пайдаланыылуы - қайта жүктемей-ақ іске қосыла беруі ;
-
реентерабелділігі – бірнеше процестерде параллель қолданыла беруі.
Техникалық тапсырма- 
 
программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын 
талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге ӛткізу мерзімі және т.б. кӛптеген 
мәліметтер қамтылған программалық жабдық туралы толық мәлімет
беретін құжат. 
Техникалық тапсырманы жасауға тапсырыс беруші де және оны орындаушы да қатысуы 
керек. Ол келесі бӛлімдерді қамтиды: 
-
кіріспе; 
-
программалық жабдықтар жасаудың қажеттілігін негіздеу; 
-
программалық жабдықтардың қызметі; 
-
программалық жабдықтарға қойылатын талаптар; 
-
программалық жабдықтардың құжаттарына қойылатын талаптар; 
-
техникалық-экономикалық кӛрсеткіштер ; 
-
құру кезеңдерімен стадиялары; 
-
программалық жабдықты қабылдау және бақылау тәртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет