Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз


С\С++ программалау тілдерінің тарихына қысқаша шолу. С\С++ программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсіндіріп көрсетіңіз



бет2/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Программалау тілдері

С\С++ программалау тілдерінің тарихына қысқаша шолу. С\С++
программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсіндіріп көрсетіңіз

Си- тілі жүйелік программалау тілі, бұл тілді компиляторлар мен операциялық жүйелерді жазуға және қолданбалы программаларды жазуға қолданылады. Мысалы, Нью–Джерси штатының Мюррей Хилл қаласында Bell laboratiories компаниясының ұйымдастыруымен 1969 жылы UNIX –операциялық жүйесі жазылды, бұл жүйе PDP-7 компьютеріне орнатылған. С тілінің негізгі идеяларының көпшілігі BCPL тілінен алынған. Жалпы Си тілінің шығу тарихына тоқталайық: Ең алдымен 1960 жылы Аlgol тілі пайда болған. Содан кейін CPL- (біріктірілген програмамлау тілі) 1963 жылы жазылған. Осы тілдер негізінде іргелендіру арқылы Мартин Ричардс ВCPL(базалық біріккен программалау тілі) тілін 1967 жылы дүниеге әкелген. Артынша 1970 жылы Кен Томпсон В тілін ойластырған. Алғашқы Си тілі 1972 жылы Bell laboratiories лабораториясында жазылған және оның авторы - Деннис М.Ритчи. 1983 жылы АNSI(Америка ұлттық стандарттау институты) институты Си тілін стандарттау мақсатын қойды. Себебі, Кен Томпсон В тілін жазып бітіргенде PDP – 11 компьютері пайда болған. Сондықтан UNIX операциялық жүйесін және В тілінің компиляторын жаңа машинаға сәйкестендіріп жөндеген. Бұл PDP-11 компьютерінің оперативті жадысының көлемі -24 Кб, мұның 16 Кб орыны операциялық жүйеге қолданылған. Сонымен қатар, дискідегі орыны – 512 Кб болған. UNІX–ті В тілінде қайта жазу идеясы туындаған. Бірақ, В тілі жәй жұмыс жасаған және В сөздермен жұмыс жасауға бағытталған. Жалпы BCPL және В тілдері – «типсіз» тілдерге жатады. Сондықтан В тілінің өзін жетілдіру қажеттілігі туындаған. Ізінше 1971 жылы жаңа версиясын - Си тілін жаза бастаған. Деннис Ритчи тілдің нақты бір құрылғыдан тәуелсіздігін қарастырады. Программалау тілдерінің көбісін (C, Рascal, Lisp u APL) жеке авторлар құрастырғандықтан біртұтастығымен ерекшеленеді, және көпшілік авторлар жазған (Ada, PL/1 u Algol60) тілдеріне қарағанда бір автордың жақсы білетін сұрақтарын шешеуге мамандандырылған сипатта құрылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет