Көпөлшемді жиымдар оның әрбір өлшемін тік жақшалар ішіне жазу арқылы беріледі , мысалы int matr [ 6 ] [ 8 ] ; операторы 6 жолдан және 8 бағанадан тұратынын екіөлшемді жиымды сипаттайды . Мұндай жиым компьютер жадында тізбектелген ұяшықтарда бір - біріне жалғаса отырып , жолдар бойынша қатарласа орналасады . Көпөлшемді жиымдар олардың құрамындағы бір элементтен келесісіне көшу кезінде алдымен соңғы индекс өзгеретіндей етіп орналастырылады
Бiрiктiрмелерді программаны орындау барысында бір мезгілде бір өрістен артық қажет етілмейтіні белгілі болған жағдайларда компьютер жадын үнемдеу үшін қолданады . Бiрiктiрмелерді құрылым өрістері ретінде жиі қолданады , мұндайда құрылымға әрбір мезетте біріктірменің қай элементі қолданылатынын анықтайтын қосымша өріс енгізген ыңғайлы . Біріктірменің атын көрсетпеуге болады , бұл мүмкіндік оның өрістеріне тікелей қол жеткізуге ( пайдалануға болатынын білдіреді .
Құрылымдармен салыстырғанда біріктірмелерге бірқатар шектеулер қойылады : біріктірме тек алғашқы элементінің мәні арқылы инициалдана алады ; біріктірме құрамында биттік өрістердің болуы мүмкін емес ; біріктірменің құрамында виртуалды әдістердің , конструкторлардың , деструкторлардың және меншіктеу операциясының болуы да мүмкін емес ; біріктірме кластар иерархиясына кіре алмайды .
Құрылым элементтері құрылымның өрістері деп аталады және олар осы құрылым типінен басқа кез келген типте болуы мүмкін немесе осы онда айнымалылардың , нұсқауыштардың немесе жиымдардың сипаттауыштары тізімі көрсетілуі керек . Мұндайда құрыЛЫМНЫҢ сипаттамасы осы тізім элементтерінің анықтамасы ретінде қолданылады : // Құрылымдар жиымын және құрылымға нұсқауышты анықтау : struct { char fio [ 30 ] ; int date , code ; double salary ; stuffſ100 ] , * ps :
Достарыңызбен бөлісу: |