Лекция-1. Программалау парадигмалары
Программалау тілдері туралы
Программалау тілі – сан , әріп , тыныс белгілері және басқа символдар немесе тобынан тұратын операторларды құрастыруға арналған кілттік сөздер ( сөздік ) мен ережелер ( грамматикалық және синтаксистік ) жүйесінің жиынтығы . Бұл операторлар көмегімен адамдар компьютерге командалар жиынын хабарлай алады .
Мәтінді машиналық командалар тізбегіне түрлендіру үшін компилятор деп аталатын аралық программа қажет.
Транслятор- бір тілді екінші тілге аудару программасы Оларды пайдалану программалауды жеңілдете отырып , компьютерде есеп шығару процесін оңайлатады , алайда онда есеп шығару уакыты аздап көбейеді . Транслятор интерпретатор және компилятор сияқты екі топқа бөлінеді .
Компилятор бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодка түрлендіретін программа . Есептің нәтижесін алу үшін машиналық кодты орындау керек . Интерпретатор – бұл командаларды аударып , оларды бірден орындауға арналған трансляторлык программа . Мұндай транслятор жұмысының қорытындысы қажетті нәтижелерді | алу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |