Программалау тілі» Мектеп: «№81 орта мектебі»



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі27,6 Kb.
#104040
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
Паскаль 2

Күтілетін нәтиже:

  • Есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйренеді.

  • Алға қойған мақсатқа жетуге үйренеді.

  • Программалау технологиясын жетік меңгереді.

  • Мамандық таңдауға, практикалық жұмыстарға бейімделеді.

  • Шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.


Түсінік хат
Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізілуі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-сызбалар және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.

Бұл бағдарлама «Паскаль – программалау тілі»  тақырыбында 10 сыныпқа арналып жасақталды.

Соңғы уақытта құрылымдық программалау тілі - Паскальға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі олимпиада материалдарын орындау талабына сай оны тек Паскаль программалау тілінде жазу ұсынылады.

Қолданбалы курстың құндылығы өтілген материалдан кейін деңгейлік тапсырмалардың берілуімен ерекшеленеді. Курстың мазмұны Паскаль программалау тілінің әліппесінен басталып, құрылымдық программаларды құру тәсілдерін толық қамтиды. Қолданбалы курс бағдарламасы мектеп оқушыларының түсінігіне сай құрылған.

Мұнда Паскаль программалау тілінің командаларына түсініктеме беріліп, сәйкес мысалдармен жүйелей түсіндіру оқушының материалды жан-жақты игеруіне игі әсерін тигізеді.

“Жиым” тақырыбын түсіндіруде әр түрлі тәсілдер мен мысалдар келтірілген. Аталған тақырып программалау тіліндегі ең күрделі тақырыптардың бірінен саналады, әрі ол барлық операторлардың қызметін қамтиды. Сондықтан оны түсіндіруге жеңіл, игеруге аса тиімді әдістер қолданылған.

Графиктік және символдық ақпараттарды программалау тілінде өңдеудің ұтымды әдістері мысалдар арқылы беріліп, түсіндірілген.

Жоғарыда аталған мәселелерді негізге алар болсақ, бұл курс бағдарламасы оқушылардың Паскаль программалау тілінде есептерді жүйелі шығаруына және олимпиада есептерін шешуде оңтайлы жолдарын таба білуіне бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет