Бақылау сұрақтары:
1. ӨЦ-дің моделі деген дегеніміз не?
2. Каскадты модельдің негізгі мінездемесін ата
Қолданылған әдебиеттер:
1. С. Орлов. Технологии разработки программного обеспечения: СПб.: Питер, 2007. - 464 с.: ил.
А.Леоненков «UML 2». Санкт-Петербург, БХВ-Петербург, 2007г.
3.Вендров А.М. Практикум по проектированию программного обеспечения экономических информационных систем: Уч. пособие. – М.: Финансы и статистика, 2002. – 192 с.: ил.
ТАҚЫРЫП №3
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістемелік принциптері. Жобалаудың аспаптық құралдары (CASE құралдары)
Түйіндеме:CASE-технологиялар негтехнологиялар негізінде ақпараттық жүйелерді жобалау
АЖ-дің жобасының негізін құраушылар:
- жобалаудың әдістері.
- жобалаудың технологиялары.
- жобалаудың аспаптық құралдары (CASE құралдары)
Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары (CASE-құралдары) ақпараттық жүйенің жобасын орындаудың формальданған пәнінің орталық бөлігін құрайды.
Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклін қолдайтын бағдарламалық құрал – CASE-құрал деп аталады. CASE (Computer Aided Software Engineering) – бағдарламалық қамтамасыздандыруды автоматты әзірлеу.
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың үрдістерінің жиынтығы.
Модельде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы нотация деп аталады.
Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.
1) концепциялар және теориялық негіздер.Бұндай негіздер ретінде құрылымды немесе объектіге бағытталған тәсіл қарастырылады;
2) жобаланатын жүйенің тәртібінің динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуда қалданылатын нотациялар; әдетте нотациялар ретінде графиктік диаграммалар қолданылады, себебі олар неғұрлым көрнекті және қабылдауға қарапайым.
Мысалы: мәліметтер ағынының диаграммалары, “мән-байланыс” диаграммасы – құрылымдық тәсілде, ал 0-ге бағытталған тәсілде қолдану қолдану нұсқаларының диаграммалары, кластар диаграммасы.
3) Әдістің практикалық қолданысын анықтайтын процедуралар: модельдерді тұрғызу тізбектілігі және ережелері, нәтижелерді бағалауда қолданылатын критерийлер.
Жобалаудың әдіснамасы өмірлік циклдің үрдістерін орындауды қамтамасыз ететін нақты технологиялар және олардың қолданылатын стандартты әдістемесі және аспаптық құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Жобалаудың технологиясы төмендегі құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады:
- жобалаудың технологиялық амалдарының тізбегін анықтайтын қадамдық процедуралар;
- технологиялық амалдарыдың орындалу нәтижесін бағалауда қолданылатын критерийлер мен ережелер;
- жобаланатын жүйені сипаттау үшін қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар;
- технологияның негізгі мазмұнын құрайтын технологиялық нұсқаулар орындалатын амалдарға байланысты технологиялық амалдардың тізбегінің, шарттарыңың және амалдарының өздерінің сипаттамасынан тұрады.
Ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынадай талаптарды қанағаттандыру керек:
1) технология ақпараттық жүйенің өмірлік циклін толық қолдау керек;
2) технология ақпараттық жүйелерді әзірлеудің мақсаттарына жетуді берілген сапаға және уақытқа сәйкес қамтамасыз етуі қажет;
3) технология ірі жобаларды ішкі жүйелер ретінде орындау керек, яғни жобаның декомпозиция мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
4) технология жеке ішкі жүйелерді жобалау б/ша үлкен емес топтармен (3-7 адам) жүргізуді қамтамасыз ету;
5) технология жұмысқа қабілетті ақпараттық жүйені қысқа уақытта алуды қамтамасыз ету керек;
6) технология жобаның конфигурациясын басқаруын қамтамасыз ету керек, жоба құжаттарын автоматты түрде шығаруын және оның версияларын жоба версияларымен синхрондығының мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;
7) технология орындалатын жобалық шешімдердің ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру құралдарынан тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек;
8) технология өмірлік циклдің барлық кезеңдеріне орындалатын үрдістерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін келісілген CASE-құралдарының кешендерімен атқарылуы керек.
Әдістемелік материалдар,
нұсқаулар, нормативтер, нәтижелерді бағалау критерийлері
.
6-сурет. Жобалаудың технологиялық амалдарының көрсетілімі
Ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынандай стандарттарды сақтауы тиіс:
- жобалау стандарты;
- жобалық құжаттарды безендіру стандарты;
- пайдаланушы интерфейсі стандарты.
Достарыңызбен бөлісу: |