Программалық талаптардың негізін білуі Программалық жабдықтауды жобалауды білуі



бет17/45
Дата27.01.2023
өлшемі3,19 Mb.
#166618
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
УМК ИСРП каз (2)

Бақылау сұрақтары:

1. Басқарушы және шекаралық кластар


2. Жағдайлар диаграммасы.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Луиза Тампе. «Введение в тестирование программного обеспечения». М.: Вильямс, 2003
2.Полис Г., Огастин Л., Мадхар Д. Разработка программных проектов: на основе Rational Unified Process (RUP). М.: ООО «Бином-Пресс», 2009
3.Федотова Д.Э. CASE-технологии. Практикум. М.: Горячая линия. 2008

ТАҚЫРЫП №8

Rational Rose ортасында модельдерді жасау.



Түйіндеме: Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолдану. Құрылымдар және функциялар. Функцияландыру ортасы. Құжаттар терезесі. Құралдар тақтасы. Диаграмма терезесі. Журнал. Кластың атрибуттары және операциялары.

Rational Rose – дегеніміз автоматтандыру үрдістерін талдау және ақпараттық жүйені жобалау үшін арналған, сонымен қатар әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялауға және жоба құжатнамаларды шығаруға арналған Rational Software Corporation фирмасының объекттілі-бағытталған CASE-құралдары.


Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолданады. Rational Rose осы болжамасы C++, Visual C++, Visual Basic, Java, PowerBuilder, CORBA Interface Definition Language (IDL) бағдарламалар үшін кодтар генерациясын және ANSI SQL, Oracle, MS SQL Server, IBM DB2, Sybase үшін мәліметтер қорының генерация бейнеленуін, сонымен қатар диаграмма түріндегі жобалау құжаттарын және егжей- тегжейлерін іске асырады. Rational Rose жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттерінің қайта қолдануын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен мәліметтер қорының реверстік инжинирингтің құралдарынан тұрады.
Құрылымдар және функциялар. Rational Rose-де жұмыс істеудің негізі жүйе архитектурасының статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын UML егжей- тегжейі мен диаграммаларды құру болып табылады. Rational Rose құрамындағы келесі алты негізгі құрылымдық компоненттерді белгілеуге болады: репозиторий, қолданушының графикалық интерфейсі, проектті қарау құралдары (браузер), проектті бақылау құралдары, документтердің статистикалық және генераторлық құралдарын жинау. Оларға сонымен қатар кодтар генераторлары (әрбір тіл үшін жеке) және реверстік инжинирингті қамтамасыз ететін C++ үшін анализатор кіреді.
Репозиторий проектің мәліметтер қоры болып табылады. Браузер иерархия кластары бойынша орын ауыстыру, диаграммалардың бір түрінен екінші түріне ауысуды проект бойынша «навигацияны» қамтамасыз етеді.
C++ тіліндегі автоматы түрдегі генерация кодтар бағдарламасының құралдары компоненттер мен диаграммалар кластарында болатын бағдарламаны қолданады да тақырыптар және класстардың файлдары ­және объектілерін қалыптастырады. Осындай түрмен бағдарламаның «қанқасын» жасайды да ол C++ тілінде тура бағдарламалауда анықталады. C++-тағы кодтар анализаторы жеке бағдарламалық модуль тәрізді негізделген. Оның тағайындалуы C++- тегі қолданушы анықтайтын текстерінде болатын бағдарламаның негізінде Rational Rose-дегі проекттер модулін құру. Жұмыс барысында анализатор тексттердің дұрыстылығын және қателердің болдырмауын іске асырады. Оның жұмыс қорытындысында алынған модель бүтіндей немесе бөлшектей әртүрлі проекттерде қолданылуы мүмкін. Анализатордың кіріс және шығыс күі бойынша кең мүмкіншіліктері бар. Мысалы файлдар типін, компилятор қорларын , қандай анықтама моделге кіруі және қандай модель элементтері экранға шығуы екенің анықталуы мүмкін. Осындай мүмкіншіліктермен Rational Rose/C++ бағдарламалық компоненттердің қайта қолднылуын қамтамасыз етеді. Проектті құрудың қорытындысында Rational Rose-дың CASE-құралдарының көмегімен келесі документтер құралады:
- UML диаграммалары;
- кластар, обьектілер, атрибуттар және операциялар спецификациясы;
- бағдарламалар текстінің дайындау нүсқалары.
Бағдарлама тексті програмисттің келесі жұмыстары үшін дайындау нұсқалары болып табылады.
Келесі құралдармен әрекеттестік және топпен жұмыс жасау ұйымы.
Rational Suite келесі варианттары бар:
Rational Suite AnalystStudio – анықтау және толық жиындар талаптарын басқаратын құралдар жүйесі;
Rational Suite Development Studio – ақпараттық жүйені жобалау және орындауға арналған;
Rational Suite Test Studio – қосымшалардың автоматты түрде тестілеу үшін арналған нәрселер жиыны;
Rational Suite Enterprise – ақпараттық жүйенің толық өмірлік циклін қамтамасық етеді;
Rational Suite жиынына Rational Rose-дан басқа келесі компоненттер кіреді:
Rational Requisite Pro – өңдірушілер тобының бірігіп жұмыс істеу ұйымы үшін арналған талаптармен басқару құралы;
Rational ClearCase – ақпараттық жүйе конфигурациясымен басқару құралы;
Rational SoDA– жобалы құжаттаманың автоматты генерацияның құралы;
Rational Clear Quest – e-mail және web құралдар негізінде өзгерістерді басқару және пректте ақауларды қадағалау құралы;
Rational TeamTest – бағдарламаның орындалуы кезіндегі қателерді автоматты түрде табу және регресивті тестілеу өткізу үшін сценарилер генерациясының құралы;
Rational Robot – тестілердің автоматты түрде жіберілу және модификацияны құру құралы;
Rational Purify – Бағдарламаның орындалу кезіндегі қиын табылатын қателерді локализациялау құралы;
Rational PureCoverage – тестілеу кезінде өткізілген кодтың идентификациялау учаскісінің құралы;
Rational Quantifyбағдарламаның толық жұмыс жасау нәтижелілігіне байланысты болатын тар орындар көлемін анықтау құралы;
Rational Suite Performancestudio – «клиент-сервер» қосымшасы мен Web-қосымшасының жүктемелік тест құралы. Топтық жұмыстың ұйымы үшін Rational Rose-та модельді басқаратын ішкі модельдерге бөлуі мүмкін. Олардың әрбіреуі дискда тәуелсіз сақталады немесе модельге жүктеледі, сапасында ішкі модельдер қаттама немесе ішкі жүйелерге қатысуға болады.
Функцияландыру ортасы. Rational Rose әр түрлі платформада функцияландырады: IBM PC {Windows 95/98/NT), Sun SPARCstations {UNIX, Solaris, SunOS), Hewlett-Packard (HP UX) IBM RS/6000 (ADC).
Rational Rose интерфейсі экранының элементтері - бұл браузер,құжаттар терезесі, құралдар тақтасы, диаграмма терезесі және журнал. Олардың белгілеулері келесі түрде сипатталады:
- браузер {browser) – модель бойынша жылдам навигация үшін қолданылады.
- құжаттар терезесі {documentation window) – модель элементінің текстік мазмұнының жұмысы үшін қолданылады;
- құралдар тақтасы(toolbars) – таратылған топтарға жылдам рұқсат үшін қолданылады;
- диаграмма терезесі (diagram window) – қарау үшін және бір немесе бірнеше UML диаграммасын саралауда қолданылады;
- журнал (log) – қателерді көру үшін және әр түрлі топтардың орындағаны жөнінде есеп беруде қолданылады.
Браузер – модель бойынша навигацияны жүзеге асыруға рұқсат беретін иерархиялық құрылым. Оған қосылатындардың барлығы – әрекет етуші жеке тұлғалар, қолдану нұсқалары, кластар, компоненттер браузер терезесінде көрсетілетін болады.
Браузердің көмегімен төмендегілерді орындауға болады:
- моделге элементтерді қосу;
- моделдің бар элементтерін қарастыру;
- моделдің элементтерінің арасындағы бар байланыстарды қарастыру;
- модель элементтерінің орнын ауыстыру;
- бұл элементтерді өзгерту;
- диаграммаға модель элементтерін қосу;
- элементті файлмен немесе Интернет адресімен байланыстыру;
- қаттамада элементтерді топтастыру;
- элементтің деталденген спецификациясымен жұмыс жасау;
- диаграмманы ашу.
Браузер төрт көрсетуді қолдайды (view): қолдану нұсқаларының көрсетілуі, компоненттер, орналастыру және ло­гикалық көрсетілу. Олардың барлығы және де оған кіретін модельдің элементтері төменде сипатталған.
Браузердің ұйымы бұрынғы құрылымды көрсетеді. Модельдің әрбір элементі оның иерархиясының төменгісінде орналасқан басқа элементерден тұруы мүмкін. «-» белгісі - яғни, оның тарауы толығымен ашық. «+»белгісі – яғни, оның тарауы жиналған.
Құжаттар терезесі. Оның көмегімен Rose моделінің элементтерін құжаттауға болады. Мысалы, әрбір әрекет етуші жеке тұлғаға қысқаша сипаттама жасауға болады. Құжаттар Rose ортасында құрылатын есеп беру сияқты енгізілетін болады.
Құралдар тақтасы. Rose кеңейтілген топтарға жылдам рұқсатты қамтамасыз етеді. Бұл ортада құралдар тақтасының екі типі бар: стандартты тақта және диаграмма тақтасы. Стандартты тақта әрқашан көрініп тұрады, оның баспалары кез келген диаграммамен жұмыс жасау үшін қолданылатын топтармен сәйкес келеді. Диаграмма тақтасы UML диаграммасының әрбір типі үшін қолданылады.
Барлық құралдар тақтасы қолданушымен өзгеруі немесе реттелуі мүмкін. Бұл үшін Tools → Options меню пунктін, одан кейін Toolbars қалтасын таңдаңыз.
Келесі түрде стандартты құралдар тақтасын (диаграмманың құралдар тақтасын) көрсетуге немесе жасыруға болады:

  1. Tools → Options пунктін таңдаңыз.

  2. Toolbars қалтасын таңдаңыз.

  1. Көрінетін немесе көрінбейтін стандартты құралдар тақтасын жасау үшін Show Standard ToolBar (не Show Diagram ToolBar) тексеру ауыстырғышын белгілеңіз (не белгішені алыңыз).

Құралдар тақтасында баспаның өлшемін үлкейту үшін:

  1. Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Жылжитын менюде Use Large Buttons (Үлкен баспаны қолдану) пунктін таңдаңыз.

Құралдар тақтасын реттеу үшін:

  1. Көрсетілген панельге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Customize (реттеу) пунктін таңдаңыз.

  3. Баспаны қосу немесе өшіру үшін сәйкес келетін баспаны таңдап алыңыз, содан кейін Add(қосу) немесе Remove (өшіру) баспасын тышқанмен шертіңіз.

Диаграмма терезесі. Мұнда UML-модельдің бір немесе бірнеше диаграммасы көрініп тұрады. Диаграманың элементінде Rose өзгеруінде автоматты түрде браузер жаңартылады. Элементте өзгертілу кезінде Rose браузерінің көмегімен сәйкес диаграммалар автоматты түрде жаңартылады. Бұл қарама қайшылықсыз жағдайда модельді қолдауда көмектеседі.
Журнал. Жұмыстың әрекетіне қарай сіздің моделіңіздегі анықталған ақпарат журнал терезесіне бағытталатын болады. Мысалы, оған кодты генерациялағанда шығатын қате жөніндегі хабар кіреді. Журналды мүлде жабу тәсілі болмайды,бірақ оның терезесі кішірейтілген болуы мүмкін.
Rose моделінде төрт көрсетілім қарастырылады - ол нұсқаның қолданылуы, логикалық үйлестірілуі, компонент және таратылу үйлестірілуі. Әрбіреуі өзінің маңыздылығы бойынша және сәйкес аудиторияға байланысты . Кітаптың келесі тарауларда біз қысқаша бұл модельдердің сипаттамасын береміз.
Нұсқаның қолдануы орындаушыларды, нақты диаграмма жүйесінің толық нұсқаларын және ол кейбір тізбектілік диаграмма және кооперативті диаграммасын құрайды.
Нұсқаның қолданылуы келесіден тұрады:
- орындаушы тұлға;
- қолдану нұсқасы;
- қолдану нұсқасының құжаттарды (оларда болған оқиғалар ағынын қателерді жөндейді). Бұл пиктограмма Rose моделіне қосылған сыртқы файлға ұқсас. Пиктограмманың пішіні оқиғалар ағынына қолданылған құжаттармен сәйкес болуы керек.
- қолдану нұсқасының диаграммасы. Жүйенің бірнеше бұндай диаграммалар болады, олардың әрқайсысы ішкі орындаушыларды немесе қолдану нұсқасын құрайды.
- Қолдану нұсқасының топтары және/немесе орындаушылары болып табылатын пакеттер.
Логикалық үйлестірілуі қолдану нұсқасында жүйе қалай өзінің әрекеттерін іске асыруын қарастырылады. Ол нақты суретті, өзінде болған нақты бөліктерді береді. Логикалық үйлестірілуі өзіне қосады: нақты қарастырылатын кластар және диаграмма құрылымы.Олардың көмегімен жүйеде қарастырылатын деталдық проект құрастырылады.
Логикалық үйлестірілуі құрайды :
- кластар;
- кластар диаграммалары. Жүйені көрсету үшін бірнеше кластар диаграммалар құрайды, олардың әрбіреуі әрбір жүйеде ішкі кластары бар.
- қолдану нұсқасында оқиғалар ағынының объектілерді көрсету үшін қолданылатын өзара әрекеттестік диаграммалары.
- жағдайлар диаграммасы.
- өзара байланысқан кластардың топтары болып табылатын пакеттер.
Компоненттерді көрсету келесілерден тұрады:
- кодтың физикалық модулі болып табылатын компоненттері;
- компоненттер диаграммалары.
- өзара байланысқан кластардың топтары болып табылатын пакеттер
Орналастыруды көрсету – Rose-тің соңғы көрсетілімі. Ол оның логикалық архитектурасынан айырмашылығы болатын жүйенің физикалық орналасуына сәйкес келеді.
Орналастыруды көрсетуге келесілер кіреді:
- ағындар (threads) болып табылатын үрдістер.
- мәліметтерді өңдеуге қабілетті кез келген компьютерлерді қамтитын процессорлар. Кез келген үрдіс бір немесе бірнеше процессорларда орындалады.
- құрылғылар, яғни кез келген аппаратура, тіпті мәліметтерді өңдеуге қабілетсіз құрылғылар. Мысалы, енгізу-шығару терминалдары, принтерлер және т.б.
- орналастыру диаграммасы.
Бейнелеуді баптау параметрлері (кластар диаграммаларында атрибуттар мен операцияларды бейнелеу)
Rose-де кластар диаграммаларын төмендегі мүмкіндіктері болатындай етіп, баптауға болады:
- барлық атрибуттар мен операцияларды көрсету;
- операцияларды жасыру;
- атрибуттарды жасыру;
- кейбір атрибуттарды немесе операцияларды ғана көрсету;
- операцияларды олардың толық сигнатураларымен немесе олардың тек аттарымен ғана көрсету;
- атрибуттар мен операциялардың көрінуін көрсету немесе көрсетпеу;
- атрибуттар мен операциялардың стереотиптерін көрсету немесе көрсетпеу.
Параметрдің әрбір мәнін Tools → Options пункт меню арқылы көрсетуге болады.
Берілген кластың диаграммасында
- барлық атрибуттарды көрсетуге,
- барлық атрибуттарды жасырын етуге,
- тек қана таңдалынған атрибуттарды көрсету,
- атрибуттардың шығарылуына қысым көрсетуге болады.
Атрибуттардың шығарылуына қысым көрсету атрибуттардың диаграммадан жоғалуына әкеліп қана қоймай, класта атрибуттардың орналасқан орнын көрсететін сызықтардың жойылуына да әкеледі.
Диаграммада атрибуттарды көрсетудің параметрлеріе өзгертудің екі тәсілі бар. Әрбір класта қажет мәндерді дара орнатуға болады. Сондай-ақ қажет параметрлердің мәндерін кластар диаграммаларын жасаудың басында бірден өзгертуге болады. Осылайша енгізілген өзгерістер жаңадан жасалынған диаграммаларға ғана әсер етеді.
Кластың барлық атрибуттарын көрсету үшін:

    1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу қажет.

    2. Сол кластың жанама мәзірін шақыру керек (тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы).

    3. Жанама мәзірден Options → Show All Attributes командасын алу қажет.

Класта тек таңдалынған атрибуттарды көрсету үшін:

      1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

      2. Жанама мәзірді шақыру қажет.

      3. Жанама мәзірден Options → Select Compartment Items командасын алу қажет.

      4. Edit Compartment терезесінде қажет атрибуттарды көрсету керек.

Класс диаграммасының барлық атрибуттарының шығарылуына қысым көрсету үшін:

        1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

        2. Жанама мәзірді шақыру қажет.

        3. Жанама мәзірден Options → Suppress Attributes командасын алу қажет.

Бастапқы жағдайда қабылданған атрибуттың түрін өзгерту үшін:

          1. Модельдің мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.

          2. Diagram бөлігіне көшу қажет.

          3. Атрибуттардың бейнеленуінің параметрлерінің мәндерін орнату үшін Suppress Attributes және All Attributes бақылау қосқыштарын пайдалану керек. Бұл мәндердің өзгертілуі жаңадан тұрғызылатын диаграммаларға ғана әсер етеді. Осығанға дейін бар кластар диаграммаларының түрі өзгермейді.

Атрибуттар жағдайындағы сияқты диаграммаларда операцияларды көрсетудің бірнеше нұсқалары бар, яғни
- барлық операцияларды көрсетуге,
- барлық операцияларды жасырын етуге,
- кейбір операцияларды көрсету,
- операциялардың шығарылуына қысым көрсетуге болады.
Сондай-ақ,
- тек операция атын көрестуге болады. Бұл жағдайда диаграммада аргументтер емес немесе қайтарылатын мәндердің типтері емес тек операция аты ғана көрестіледі.
- операцияның толық сигнатурасын көрсетуге болады. Диаграммада операцияның аты ғана емес, сондай-ақ оның барлық параметрлері, берілген параметрлердің типтері және операцияның қайтарылатын мәнінің типі көрсетіледі.
Кластың барлық операцияларын көрсету үшін:

  1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

  2. Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.

  3. Жанама мәзірден Options → Show All Operations командасын алу керек.

Кластың таңдалынған операцияларын ғана көрсету үшін:

  1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

  2. Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.

  3. Жанама мәзірден Options → Select Compartment Items командасын алу керек.

  4. Edit Compartment терезесінде қажет операцияларды көрсету керек.

Диаграмманың класының барлық оперцияларының шығарылуына қысым жасау үшін:

  1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

  2. Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.

  3. Жанама мәзірден Options → Suppress Operations командасын алу керек.

Кластар диаграммасында операциялардың сигнатураларын көрсету үшін:



  1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

  2. Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.

  3. Жанама мәзірден Options → Show Operation Signature командасын алу керек.

Операцияның бастапқыда қабылданған түрін өзгерту үшін:

  1. Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.

  2. Diagramm бөлігіне көшу керек.

  3. Операциялардың параметр мәндерін орнату үшін Suppress Operations, Show All Operations және Show Operation Signature бақылау қосқыштарын пайдалану керек.

Кластың атрибутының және операциясының көрінуін көрсету үшін:

  1. Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.

  2. Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.

  3. Жанама мәзірден Options → Show Visibility командасын алу керек.

Көрінуді көрсететін параметрлердің мәндерінің бастапқыда қабылданғандарын өзгерту үшін:

  1. Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.

  2. Diagramm бөлігіне көшу керек.

  3. Көрінуді бейнелейтін параметрлерді орнату үшін Show Visibility бақылау қосқышын пайдалану керек.

Rose және UML көріністерінің нотациялары арасында ауысу үшін:

  1. Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.

  2. Notation бөлігіне көшу керек.

  3. Нотациялар арасында ауысу үшін Visibility as Icons қосқышын пайдалану керек. Егер бұл қосқыш белгіленген болса, онда Rose нотациясы қолданылады, әйтпесе UML нотациясы қолданылады. Бұл параметрді өзгерту жаңа диаграммаларға ғана әсер етеді. Бұрыннан бар диаграммалар бұрынғы қалпында қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет